A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы қарсаңында

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы қарсаңында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнде салтанатты жиын өттi. Iс-шараны ашқан архив директоры Динара Каримовна Жусупбекова әрiптестерiн келе жатқан мемлекеттiк мереке — Тәуелсiздiк күнiмен құттықтап, ұжымның үйлесiмдi жұмысын атап өттi.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi — асыл бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырған ең қасиеттi де ұлық мереке. Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақстан тәуелсiздiк тұғырына көтерiлiп, халқымыздың еркiндiгiн, тыныштығы мен ынтымағын күн сайын сақтап қалды.

Салтанатты жиын аясында архив iсiн дамытуда толағай табыстарға қол жеткiзген бiрқатар қызметкерлер Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызының және Көкшетау қаласының мемлекеттiк архив директорының Алғыс хаттарымен марапатталды. Жүлдегерлер өз кезегiнде көңiл бөлiп, жiгерлендiрiп отырғандары үшiн алғыстарын бiлдiрдi.

Салтанатты жиын соңында Динара Каримовна барша қазақстандықтар үшiн айтулы күнi отбасында бейбiтшiлiк пен келiсiм, зор денсаулық пен бақ-береке тiледi.

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2021
Қаралым саны: 874

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz