A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Көкшетау қаласы Мемлекеттiк мұрағатының 2015 жылғы 1 жартыжылдық бойынша жұмысы туралы ЕСЕБI

Көкшетау қаласы Мемлекеттiк мұрағатының

2015 жылғы 1 жартыжылдық бойынша жұмысы туралы

ЕСЕБI

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2015 жылғы 1 жартыжылдықьа мемлекеттiк мұрағатпен Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттардың сақтауын ұйымдастыруды жетiлдiру және сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүзеге асырылды.

№ 358 «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi», № 362 «Көкшетау қаласының бiлiм бөлiмi» ММ», № 403 «Красный яр Халық депутаттарының ауылдық кеңесi және оның атқару комитетi» қорларының 200 iсiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, соның iшiнде қағаз негiзiнде 200 беттен құралған 50 сақт. бiрл. қалпына келтiрiлдi, 150 сақт. бiрл. тiгiлдi.

5520 iс картондалды, оның iшiнде № 5 «40 лет комсомола» Кокчетав тiгiн фабрикасы», № 14 «Кокчетав нан өнiмдерi комбинаты», № 100 «Кокшетаустрой» АҚ тұрғын-коммуналдық кеңсесi», № 107 «Көкшетау облысының әдiлет басқармасы», № 118 «№ 1 Кокшетаусельстрой» АҚ механикаландыру және инженерлiк жұмыстар басқармасы», № 126 «Көкшетау облыстық кiтап саудасының кеңсесi», № 127 «Целинтрансстрой» АҚ № 657 құрылыс-монтажды пойызы», № 134 «Металлист» АҚ», № 175 «№ 4 Кокчетавсельстрой» тресiнiң № 407 құрылыс-монтажды пойызы», № 187 «Көкшетау» мейрамханасының қоғамдық тамақтандыру жалдамалық кәсiпорны», № 190 «Кокшетаустрой» АҚ автокөлiк кәсiпорны», № 217 «Көкше Бау» ААҚ», № 222 «№ 57 Мехколоннасы» өндiрiстiк кооперативi», № 228 «Халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудiң жабылған кәсiпорындар топтамасы», № 236 «Көкшетау облыстық тұтыну одағының автобазасы», № 246 «Көкшетау облыстық нан өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгiнiң құрылыс-монтажды басқармасы», № 255 «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ, № 285 «Көкшетау су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша бассейндiк инспекциясы», № 478 «Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi» ММ қорларының iстерi.

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ 449 қ. құжаттарының өшкен мәтiнiнiң 20 парағы қалпына келтiрiлдi.

Аса құнды құжаттарды анықтау мақсатымен № 9 «Кокчетав еңбек депутаттары қалалық Кеңесi және оның атқару комитетi» қорының қағаз негiзiнде 106 iс қаралды. Осы қор бойынша АҚҚ табу және сипаттау жөнiндегi жұмыс келесi тоқсанда жалғастырылатын болады.

Бiрқатар қорлардың қағаз негiзiндегi құжаттарының бар болуы мен жағдайы тексерiлдi, олардың iшiнде № 201 «Игiлiк» ААҚ», № 212 «№1 Кокшетаусельстрой» АҚ», № 217 «Көкше Бау» ААҚ», № 220 «Көкшетау бөлу электр желiлiк компаниясы», № «418 «Кокчетав ауыл шаруашылығы бойынша аудандық инпекциясы», № 419 «Кокчетав көркем-өндiрiстiк шеберханасы», № 421 «Қарағанды темiр жолының Бурабай-Шипажайы темiр жол учаскесiнiң көлiктiк прокуратурасы», № 422 «Конезавод Еңбек депутаттарының ауылдық кеңесi және оның атқару комитетi», № 423 «Кокчетав облыстық кәсiби одақтар кеңесiнiң аудандық кәсiби одақтар кеңестерi», № 424 «Кокчетав аудандық жұмысшылар депутаттары кеңесiнiң атқару комитетi жанындағы аудандық сәулетшiсi» және басқалары. Барлығы 6024 сақт. бiрл. тексерiлдi. Сонымен қатар Көкшетау қаласының тарихы бойынша фотоқұжаттар топтамасының 400 сақт. бiрл. тексерiлген.

10 қордың есеп құжаттары жинақтарын салыстыруы өткiзiлдi: № 399 «Ақшасор еңбек депутаттарының ауылдық Кеңесi және оның атқару комитетi», № 400 «Самарбай, 1967 жылдан — Молодежный еңбек депутаттарының ауылдық Кеңесi және оның атқару комитетi», № 401 «Раздольный ауылдық Кеңесiнiң «Раздольный» астық кеңестiк шаруашылығы (совхоз)», № 402 «Джельтав еңбек депутаттарының ауылдық Кеңесi және оның атқару комитетi», № 403 «Красный яр еңбек депутаттарының ауылдық Кеңесi және оның атқару комитетi», № 404 «Казглавнефтеснаб» Кокчетав тауарлы-көлiк басқармасы», № 405 «Симферополь еңбек депутаттары ауылдық Кеңесi және оның атқару комитетi», № 406 «Кокчетав еңбек депутаттары аудандық Кеңесi атқару комитетiнiң мәдениет бөлiмi», № 407 «Алексеевка, 1961 жылдан — Күсеп еңбек депутаттары ауылдық Кеңесi және оның атқару комитетi», № 408 «Қиындық ауылдық Кеңесiнiң «Коммунизм» ауылшаруашылық артелi (колхоз)».

Жұмыс жоспарына сай Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасына қорлар карточкалары мен 2014 жылғы Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты қорларының құрамы мен көлемiндегi өзгерiстер туралы мәлiметтер, 01.01.2015 жылғы мемлекеттiк мұрағаттың жиынтық төлқұжаты құрастырылды және ұсынылды.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бiрiншi кезектегi көшiруге жататын қорлар тiзiмi қайта қарастырылған және анықталған, оған 155 (жүз елу бес) қор, 52679 (елу екi мың алты жүз жетпiс тоғыз) сақт. бiрл. енгiзiлдi, соның iшiнде 9 (тоғыз) қор, аса құнды құжаттардың 204 (екi жүз төрт) сақт. бiрл.

Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының 2015 жылғы 04 ақпандағы (электрондық пошта арқылы нөмiрсiз), 2015 жылғы 08 маусымдағы хаттарына сәйкес Көкшетау қаласы мемлекеттiк мұрағатының қорлар карточкалары бойынша ақпарат дайындалды.

2. Қазақстан Республикасының

Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру

Есептiк кезеңде басқарушылық құжаттамасын мемлекеттiк сақтауға қабылдау жүзеге асырылды. Ведомстволық сақтау мерзiмiнiң аяқталуына, қайта құрылуына, таратуына және басқаға байланысты № 19 «Көкшетау қаласының Станционный поселкесi әкiмiнiң аппараты», № 86 «Көкшетау қаласының прокуратурасы», № 98 «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ, № 466 «Көкшетау қаласының Красный яр ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ», № 478 «Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмi» ММ» тұрақты сақтау 691 бiрлiгi, сонымен қатар № 1 «Жабылған кiшi кәсiпорындар, серiктестiктер мен кооперативтер топтамасы («Көкше Назар Али» ЖШС), № 98 «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ», № 333 «Киiм» Көкшетау акционерлiк қоғамы» қорларының жеке құрамы бойынша 191 сақт. бiрл. қабылданды.

Фотоқұжаттар топтамасын Көкшетау қаласының тарихы бойынша 75 фотосурет толықтырды.

Азаматтардан № 451 «Красноперов Евгений Петрович, саяси және қоғам қайраткерi, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы» қорының 7 сақт. бiрл. түстi.

01.07.2015 жағдайына мемлекеттiк мұрағатте 478 қор есептелiндi, мемлекеттiк сақтауда 114667 сақтау бiрлiгi, оның iшiнде 56571 тұрақты сақтаудағы басқарушылық құжаттама, 3187 ұзақ уақыт және уақытша, 41383 жеке құрам бойынша, 60 ғылыми-техникалық құжаттама, жеке шығу тегi бойынша 2567 құжат, 10850 фотоқұжаттар, 33 фоно, 14 кино, 2 бейнеқұжат бар.

2015 жылғы 1 тоқсанда тағы 1 қор құрылды.

Мемлекеттiк мұрағатпен қаланың мекемелерi, кәсiпорындары мен ұйымдарының (ары қарай — мекемелерiнiң) құжаттау және құжаттаманы басқару, құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелерi бойынша бақылау жүзеге асырылды, тәжiрибелiк және әдiстемелiк көмек көрсетiлдi. «Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ, «Көкшетау қаласының бiлiм бөлiмi» ММ, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» бiлiм беру автономиялық ұйымының «Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi» филиалы, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «№ 1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, «Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» ММ, «Көкшетау медициналық колледжi» МКҚК, «Дене мүмкiндiктерi шектелген адамдар үшiн «Мерген» спорт клубы» КММ, Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң «Тiлдердi оқыту орталығы» КММ, «Көкше» академиясы жанындағы «Көкше» колледжi, Көкшетау қаласының әкiмдiгi жанындағы «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК үшiн 10 iстер номенклатурасы Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының СТӘК-мен (ары қарай — басқарманың СТӘК-i) жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау медициналық колледжi» МКҚК, «Көкшетау қаласының бiлiм беру бөлiмi» ММ, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «№ 1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, «Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» ММ, Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң «Тiлдердi оқыту орталығы» КММ үшiн сараптамалық комиссия туралы 5 ереже және ведомстволық мұрағат туралы 5 ереже келiсiлдi.

Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, ғылыми-анықтамалық аппаратты құрастыру, құжаттау мен құжаттаманы басқару, iстер номенклатурасын құрастыру мәселелерi бойынша қаланың мекемелерiне, ұйымдарына, кәсiпорындарына 18 кеңес берiлген, олардың iшiнде: «Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау медициналық колледжi» МКҚК, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, Ақмола облысы Әдiлет департаментiнiң «Көкшетау қаласының әдiлет басқармасы» ММ, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «№ 1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, «Дене мүмкiндiктерi шектелген адамдар үшiн «Мерген» спорт клубы» КММ, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» бiлiм беру автономиялық ұйымының «Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi» филиалы, «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы пошта байланысының Көкшетау қалалық орталығы және басқалары.

Iстер номенклатурасын құрастыру, тұрақты сақтау және жеке құрам бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, сақтау мерзiмi аяқталған құжаттарды жоюға актiнi құрастыру, сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау медициналық колледжi» МКҚК, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «№ 1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлерiмен 2 семинар-кеңес өткiзiлдi.

Көкшетау қалалық сотына, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» бiлiм беру автономиялық ұйымының «Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi» филиалына iстер тiзiмдемелерiн және оларға ғылыми-анықтамалық аппаратты жасауда әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiлген.

«Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ-не, «ҚР ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң ветеринарлық қадағалау және бақылау Комитетiнiң Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы» ММ-не алдағы тексерiстер туралы хабарландырумен хаттар жiберiлген болатын, олар Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының iс-шаралар жоспарына сәйкес өткiзiлетiн болады.

3. Ақпаратты-iздестiру жүйелерiн жасау,

ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану

Есеп беру кезеңiнде қала мекемелерiнiң қызметкерлерiмен тұрақты сақтау құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу өткiзiлген болатын, сонымен Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ, «Көкшетау қаласының Краснояр ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Көкшетау қаласының Станционный поселкесi әкiмiнiң аппараты» ММ, Ақмола облысының Әдiлет департаментiнiң «Көкшетау қаласының әдiлет басқармасы» ММ (АХАТ), Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «№ 1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» бiлiм беру автономиялық ұйымының «Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi» филиалының 1528 сақтау бiрлiгi көлемiнде тұрақты сақтау құжаттары, Көкшетау қалалық сотының 55 сақт. бiрл. сот құжаттамасы басқарманың СТӘК-да сипатталды және бекiтiлдi.

527 сақт. бiрл. көлемiнде «Киiм» Көкшетау акционерлiк қоғамының, «Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ, «Көкшетау қаласының Красный яр ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Көкшетау қаласының Станционный поселкесi әкiмiнiң аппараты» ММ, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «№ 1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» бiлiм беру автономиялық ұйымның «Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi» филиалы, ЖК «Копеева», ЖК «Бушан», ЖК «Нурбеков», ЖК «Агоев» жеке құрамы бойынша iстер тiзiмдемелерi басқарманың СТӘК-мен келiсiлдi.

Сонымен қатар, «Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ, «Көкшетау қаласының Красный яр ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Көкшетау қаласының Станционный поселкесi әкiмiнiң аппараты», Ақмола облысының Әдiлет департаментiнiң «Көкшетау қаласының әдiлет басқармасы» ММ (АХАТ), «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «№ 1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» бiлiм беру автономиялық ұйымының «Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi» филиалының, Көкшетау қалалық сотының 18359 iс пен құжаттар көлемiндегi сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға актiлер келiсiлдi.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатымен Көкшетау қаласының тарихы бойынша фотоқұжаттардың ғылыми сипаттау жүзеге асырылды — 75 сақт. бiрл.

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» 449 қорын каталогтау өткiзiлдi. Барлығы 55 iс каталогталды, 200 карточка құрастырылды.

Ғылыми-анықтамалық аппаратты пайдалану сапасын арттыру мақсатымен «Кокчетав оттегi-тыныс алу аппаратура зауыты» 394 қ. тiзiмдеме бөлiмiне өңдеу жүргiзiлуде.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағат қорлары бойынша жолсiлтеменi анықтау және толықтыру жұмыстары өткiзiлуде.

Есеп беру кезеңiнде «Мұрағат қоры» бағдарламалық кешенiне бұрыннан енгiзiлген тұрақты сақтау қорлары бойынша ағымдағы өзгерiстер енгiзiлген болатын.

Қаланың мемлекеттiк мұрағатының мұрағат қорларын ақпараттандыруды арттыру бойынша жұмыс жүргiзiлдi. № 358 «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалды кеңсесi» қоры бойынша сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту келiсiмшарттарының мәлiметтер базасына 1000 шарт — 32 сақт. бiрл. енгiзiлдi.

Мемлекеттiк мұрағат билiк органдарымен, мемлекеттiк мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату және нығайту бойынша айқын жұмыстар атқаруда, сонымен бiрге насихаттық және мәдени-ағартушылық жұмысқа көңiл бөлiнедi, сол мақсатпен мұрағат қызметкерлерi «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына, Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байкауының гала-концертi аясында өткен көрмеге белсендi қатысты.

Осы шарада «Құтқарылған әлем есiнде…» фотоқұжаттық көрмесi көрсетiлген болатын. Көрмеде 1941-1946, 1948-1983, 1985, 2000-2014 жылдардағы 100-ден аса экспонат көрсетiлген , олардың әрқайсысы өзiнше бiрегей. Бұл — ресми, жеке, шығармашылық, марапаттау, қызметтiк және қоғамдық сипаттағы құжаттар, сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысушыларының фотосуреттерi. «Қоғамдық келiсiм» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасымен ұйымдастырылған, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында ашылған «Бiр халық, бiр ел, бiр тағдыр» фотоқұжаттық көрмесi 30-дан аса экспонатты бiрiктiрдi.

Көкшетау аудандық қалалық атқару комитететiнiң, Көкшетау аспап жасау зауыты қорларының құжаттары, А. Д. Давлетов, В. М. Боговицкий, С. Т. Демченко, Ф. С. Ипаткин, Н. В. Лукьянов, К. Мырзахметов, Д. М. Несвитеев, Н. Е. Нижников және Ұлы Отан соғысына қатысқан басқалардың жеке шығу тегi құжаттары бойынша «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Ақмола облыстық филиалының телевизиясында телехабар болып өттi. Телекөрермендерге соғыс жылдарын сипаттайтын, соғыс кезеңiнiң құжаттары туралы ақпарат ұсынылды, соғысқа қатысқандардың еске алулары оқылды. Бұдан басқа, облыстық телевизияда «Жеңiстiң 70 жылдығы» телехабарында телекөрермендер Көкшетау аспап жасау зауыты қорында сақталған құжаттармен танысты.

«Степной маяк» газетi беттерiнде 3 мақала дайындалды және жарияланды: «Все для фронта!», «Документы рассказывают», «Песни Гульсум».

№ 13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының, № 5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының, № 12 орта мектебiнiң оқушылары үшiн мемлекеттiк мұрағаттың қызықты құжаттары мен фотосуреттерiнiң слайдтарын көрсетумен «Қазақстан халқы Ассамблеясы — өзара келiсiм арқылы өркендеуге жол», «Ұмытпаймыз! Мақтан тұтамыз!» тақырыбына 4 сабақ өткiзiлдi.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты негiзiнде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi студенттерiнiң оқу тәжiрибесi өткiзiлдi, оның аясында студенттерге мемлекеттiк мұрағат жұмысының негiзгi бағыттары туралы 3 дәрiс оқылды. Барлығы 7 сабақ, дәрiс өткiзiлдi және оқылды.

Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасына Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 70 жылдығына № 9 Альманахты шығару үшiнҰлы Отан соғысына көкшетаулықтардың қатысуы туралы ақпарат, сонымен қатар электронды тасымалдаушыларда құжаттар, фотосуреттер ұсынылды.

Мемлекеттiк мұрағат жұмысының маңызды бағыттарының бiрi тақырыптық және әлеуметтiк-құқықтық сұраулардың орындалуы болып табылады. 15.06.2015 жағдайына 1597 үндеу, соның iшiнде 48 тақырыптық, 1549 әлеуметтiк-құқықтық сұраулар. Барлық сұраулар қаралды, олардың iшiнде 44 тақырыптық, 983 әлеуметтiк-құқықтық үндеу дұрыс болып орындалды.

2015 жылғы бiрiншi жартыжылдықта 15 зерттеушiге қызмет көрсетiлдi, келушiлер саны 15 құрады. Зерттеушiлер тапсырыстары бойынша және тақырыптық сұрауларды орындауда құжаттардың 468 көшiрмесi жасалды.

2015 жылғы бiрiншi жартыжылдық iшiнде уақытша пайдалануға 3761 сақт. бiрл. тұрақты сақтау iсi берiлдi, олардың iшiнде мұрағат қызметкерлерiне — 3683 сақт. бiрл., зерттеушiлерге — 78 сақт. бiрл.; жеке құрам бойынша — 6686 сақт. бiрл., олардың iшiнде мұрағат қызметкерлерiне — 6679 сақт. бiрл., пайдаланушыларға — 7 сақт. бiрл. берiлдi.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат.

Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру

Есеп беру кезеңiнде 1 өндiрiстiк кеңес өткiзiлдi, онда келесi сұрақтар қарастырылды: 2014 жылғы мемлекеттiк мұрағаттың жұмыс нәтижелерi; 2014 жылғы мемлекеттiк мұрағаттың қаржы-шаруашылық қызметi туралы есеп беруi; 2015 жылға Көкшетау қаласы мемлекеттiк мұрағатының жұмысын жоспарлау туралы.

Мемлекеттiк мұрағат қызметкерлерi үшiн 2015 жылға оқу жоспары әзiрлендi, оған сәйкес 5 сабақ өткiзiлдi.

5. Еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi, мемлекеттiк мұрағат ғимаратын,

оның материалдық базасын күту сұрақтары

Мемлекеттiк мұрағатпен 2015 жылға ТЖ кезiнде алдын алу және iс-әрекеттерi бойынша шаралар жоспары әзiрлендi және бекiтiлдi. Оған сәйкес қала сыртындағы аймаққа көшiруге жататын, мемлекеттiк мұрағат қызметкерлерi мен олардың жанұялары мүшелерiнiң тiзiмi, сонымен қатар бiрiншi кезекте көшiруге қажет қорлар тiзiмдерi жаңартылды.

Ағымдағы жылдың ақпанында мемлекеттiк мұрағат қызметкерлерiмен кезектi қайталау нұсқамалығы өткiзiлдi. Сонымен қатар ТЖ кезiнде алдын алу және iс-әрекеттерi бойынша осы шаралар аясында өткен кезеңде 2 оқу сабағы болған.

Материалдық-техникалық базаны нығайту жағынан екi компьютер, үш принтер, 2 кеңсе үстелi, 3 кресло сатып алынды.

Көкшетау қаласының

мемлекеттiк мұрағат директорыЮ. Красильников

24.06.2015

Көкшетау қаласы Мемлекеттiк мұрағатының 2015 жылғы 1 жартыжылдық бойынша жұмысы туралы (DOC 249 Kb)

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК МҰРАҒАТ ҚЫЗМЕТТIҢ 2015 жылғы 1 жартыжылдық БОЙЫНША НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРIНIҢ КӨРСЕТКIШТЕРI (DOC 88 Kb)

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.06.2016 15:30

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz