A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрiнiң
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
1-қосымша

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда шағым Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайына берiледi.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғандығын растау болып табылады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өзi келген жағдайда кiрiс құжатты қабылдау күнi мен уақыты және нөмiрi белгiленген, шағымды қабылдаған адамның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) көрсетiлген талон берiледi.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның — тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), қолы және тұрғылықты жерi;

2) заңды тұлғаның — атауы, заңды мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттiк корпорацияның филиалы, бөлiмi басшысына Мемлекеттiк корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тiркеу (кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымда немесе шағымның iлеспе хатында қойылады) болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 17-тармағында көрсетiлген бiрыңғай байланыс-орталығының телефондары арқылы алады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнде» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштi қарауы барысында жаңартылып отыратын өтiнiш туралы ақпарат (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.03.2017 15:43

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz