1.Жалпы ережелер
2) Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпарат
— Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны: мемлекеттiк архивтер 1 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы; 3) «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет электрондық (iшiнара)/қағаз нысанда көрсетiледi.
Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң саны 4572 құрады:
– «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 603;
– веб-портал арқылы www.e.gov.kz– 2557; — Қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы (мемлекеттiк ахивтер) — 1412.
Басқармада және мемлекеттiк архивтерде «e-gov» өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы орнатылған.
2.Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты басқарманың және мемлекеттiк архивтердiң (21 архив) стендтерiнен алуға болады. Мемлекеттiк архивтердiң сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Басқарманың және мемлекеттiк архивтердiң қызметi туралы есептер басқарманың сайтында және әлеуметтiк желiлерiнде орналастырылады, онда әрбiр тұрғын есептердi қарап, түсiнiктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жыл iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру бойынша iс — шара өткiзiлдi:
1) семинар — кеңес және «дөңгелек үстел» — 4; 2) мемлекеттiк орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерiнiң БАҚ-та мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша сөз сөйлеуi — 0; 3) әлеуметтiк желiлерде: Instagram, Facebook, Вконтакте (парақшада 1000-нан астам жазылушы бар) — 37; 4) теледидарда — 1.
3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет
1) 2021 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi орындау бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi:
2021 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы 2577 мемлекеттiк қызметi көрсетiлдi.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.
2021 жылы облыс мемлекеттiк архивiнiң 4 қызметкерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мемлекеттiк басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2021 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шағымдар тiркелген жоқ.
5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.
Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеуде, оның iшiнде қағазбастылық пен бюрократизм фактiлерiнiң жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсiби тәсiлдi қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызметiн алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкiмет» порталын танымал ету үшiн БАҚ, әлеуметтiк желiлер және т.б. арқылы халықты хабардар етудi жүргiзу).
Директор Д. Жусупбекова
Комментарии
Ответ:
Ответ: