A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
«Мемлекеттік архив кеңес береді» науқаны

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша халық арасында ақпараттық-түсiндiрме жұмысты жүзеге асыру мақсатында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi «Мемлекеттiк архив кеңес бередi» науқанын өткiздi, ол Ақмола облысы бойынша «Азаматтар үшiн үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» филиалы — ХҚКО Департаментiнiң Көкшетау қаласының № 2, № 3 бөлiмдерiнде болған.

2017 жылдың 7 және 8 желтоқсанында күнi бойы Көкшетау қаласының мемлекеттiк архив қызметкерлерi А. Т. Жекеева, А. Салимов, Р. Аскенова, Б. Жанбатырова осы мемлекеттiк қызмет және сұрап жатқан мәлiметтер бойынша азаматтар мен қызмет алушыларға кеңес бердi. Сонымен бiрге Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивте мемлекеттiк сақтауда жатқан құжаттар бойынша ақпарат, арыз беруде қызмет алушыларға көмек көрсетiлген болатын және азаматтарға қызықты сұрақтар бойынша кеңестер берiлдi.

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпараты бар, арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылған болатын, олар ХҚКО және www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттiк қызмет алудың артықшылықтарын ашып көрсетедi.

   

 

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.12.2017 16:28

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz