A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архивінің 2016 жылдың 1 жартыжылдығы жұмысы туралы ЕСЕБІ

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры
құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және
мемлекеттiк есепке алу

2016жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттiк архивпен Ұлттық архив қоры және жеке құрамы бойынша құжаттарының сақтауын ұйымдастыруды жетiлдiру және сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүзеге асырылған болатын.

2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығы iшiнде жоспарға сай құжаттардың табиғи жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жүргiзiлген. Қағаз негiзiнде 40 сақт. бiрл.қалпына келтiрiлген, ол 200 беттi құрады, 174 сақт. бiрл. тiгiлген. Осылайша, № 52 «Көкшетау қазақ педагогикалық училищесi», № 362 «Көкшетау қаласының бiлiм бөлiмi» ММ», № 403 «Краснояр халық депутаттарының ауылдықКеңесi және оның атқару комитетi» қорларының 214 iсiнiң табиғи жағдайы жақсартылған.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу бөлiмiнiң қызметкерлерiмен құжаттарды картондау, бар болуы мен жағдайының тексерiсi, есеп құжаттары жинақтамаларын салыстыруы бойынша жұмыстар жүргiзiлген.

Есептiк кезеңде 2557iскартондалды, олардың iшiнде № 1 «Жабылған кiшi кәсiпорындар, серiктестiктер мен кооперативтер коллекциясы», № 30 «Көкшетау аспап жасау зауыты» АҚ, № 85 «Көкшетау облыстық тұтынушылар қоғамдарының облыстық одағы», № 86 «Құқық қорғау органдары жүйесiнiң ұйымдары мен мекемелерi топтамасы», № 230 «Көкшетауқұрылыс» акционерлiк қоғамының «Арнайы құрылыс» құрылыс басқармасы», № 264 «»Көкше-фарфор» АҚ», № 389 «Көкшетау еңбек депутаттарының қалалық Кеңесi атқару комитетiнiң коммуналдық шаруашылық бөлiмi», № 394 «Көкшетау оттегi-тыныс алу аппаратурасы зауыты», № 449 «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты», № 467 «Казагропромтехника» облыстық бiрлестiгiнiң Көкшетау № 2 мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колоннасы (№ 2 МЖМК)», № 469 «Целинсвязьстрой» тресiнiң Көкшетау № 7 мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колоннасы (МЖМК)», № 473 «Көкшетау тұтынушылық қоғамдар облыстық қоғамдық одағының (облыстық тұтынушылар одағы) жылжымалы механикаландырылған колоннасы (ЖМК)», № 481 «Емдiк дәрi-дәрмек, медициналық тағайындау және медициналық техника бұйымдары сараптамасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК аумақтық филиалы», № 482 «Көкшетаусантехмонтаж» монтаждық басқармасы», № 483 «Севсантехмонтаж» ААҚ Көкшетау монтаждық басқармасының филиалы».

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ 449 қ. құжаттарының өшiп қалған мәтiннiң 20 парағы қалпына келтiрiлдi.

Аса құнды құжаттарды табу мақсатында № 9 «Көкшетау еңбек депутаттарының қалалық Кеңесi және оның атқару комитетi» қорының қағаз негiзiнде 105 iс қарап шыққан. АҚҚ табу және сипаттау бойынша жұмыс осы қор бойынша келесi тоқсанда жалғасатын болады.

Бiрқатар қорлардың қағаз негiзiндегi құжаттарының бар болуы мен жағдайын тексеруiөткiзiлдi, олардың iшiнде № 1 «Жабылған кiшi кәсiпорындар, серiктестiктер мен кооперативтер коллекциясы», № 6 «Көкшетау халық депутаттарының облыстық Кеңесi және оның атқару комитетi», № 18 «Көкшетау облысы бойынша мемлекеттiк сауда инспекциясы», № 20 «Көкшетау облыстық газ шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгi», № 28 «Көкшетау балалар облыстық ауруханасы», № 30 «Көкшетау аспап жасау зауыты» акционерлiк қоғамы», № 48 «Көкшетау облысының әкiмi жанындағы бiлiм беру басқармасы», № 53 «Облыстық диспансерлер коллекциясы», № 120 «Көкшетау облыстық статистика және талдау бойынша басқармасы». Барлығы 6198 сақт. бiрл. тексерiлдi.

10қордың есептiк құжаттары жинақтарын салыстыруы өткiзiлдi: № 414 «№ 47 ат зауыты», № 415 «Көкшетау көкөнiс сүт совхозы», № 416 «Қазақ орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты», № 417 «Көкшетау облысаралық орман тұқымдарының бақылау станциясы», № 418 «Көкшетау ауыл шаруашылығы бойынша аудандық инспекциясы», № 419 «Көкшетау көркемөнер-өндiрiстiк шеберханасы», № 420 «Көкшетау облыстық ауылшаруашылық басқармасының Бұлақ жөндеу-техникалық станциясы», № 421 «Қарағанды темiр жолы Курорт –Бурабай темiржол учаскесiнiң көлiк прокуратурасы», № 422 «Конезавод еңбек депутаттарының селолық Кеңесi және оның атқару комитетi», № 423 «Көкшетау кәсiптiк одақтары облыстық Кеңесi кәсiподақтарының аудандық Кеңестерi».

Жұмыс жоспарына сай Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасына қорлар карточкалары мен 2015 жылғы Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi қорларының құрамы мен көлемiндегi өзгерiстер туралы мәлiметтер, 01.01.2016 жылы мемлекеттiк архивтiң жиынтық төлқұжаты құрастырылды және ұсынылды.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бiрiншi кезектегi көшiруге жататын, қорлар тiзiмi қайта қарастырылған және анықталған, оған 156 (жүз елу алты) қор, 52362 (елу екi мың үш жүз алпыс екi) сақт. бiрл. енгiзiлдi, соның iшiнде 9 (тоғыз) қор, аса құнды құжаттардың 217 (екi жүз он жетi) сақт. бiрл.

Мемлекеттiк сақтауда жатқан, құжаттардың құндылық сараптамасы бойынша жұмыс өткiзiлген. 1225 (бiр мың екi жүз жиырма бес) сақт. бiрл. көлемiнде 1989-1997 жылдарғы № 1 «Жабылған кiшi кәсiпорындар, серiктестiктер мен кооперативтер коллекциясы», 233 (екi жүз отыз үш) сақт. бiрл. көлемiнде 1998-2003 жылдарғы № 358 «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қорының ғылыми-тарихи құндылығы жоқ және тәжiрибелiк мағынасын жойған, құжаттар жоюға iрiктелген болатын.

2. Қазақстан Республикасының
Ұлттық архив қорын қалыптастыру

Есеп кезеңiнде басқарушылық құжаттамасын мемлекеттiк сақтауға қабылдауы жүзеге асырылды. Ведомстволық сақтау мерзiмiнiң аяқталуына, қайта құрылуына, таратуына және басқаға байланысты № 266 «Көкшетау АХАЖ қалалық бөлiмi», № 310 «Ақмола облысының бiлiм беру басқармасы жанындағы «Политехникалық колледж, Көкшетау қаласы» МКҚК» (15.01.2016 архивтiк құжаттарды табу туралы № 1 акт), № 350 «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ», № 449 «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ» тұрақты сақтау 808 бiрлiгi,сонымен қатар № 1 «Жабылған кiшi кәсiпорындар, серiктестiктер мен кооперативтер коллекциясы», № 28 «Көкшетау балалар облыстық ауруханасы» (17.02.2016 есептiк құжаттардағы техникалық қателiктер туралы № 1 акт), № 36 «Көкшетау мамандандырылған көлiк құрылысы тресi» (14.01.2016 архивтiк құжаттарды табу туралы № 1 акт), № 482 «Көкшетаусантехмонтаж» монтаждық басқармасы», № 483 «Севсантехмонтаж» ашық акционерлiк қоғамының Көкшетау монтаждық басқармасының филиалы», № 485 «Көкшетау қаласындағы «КазАвтоТранс» акционерлiк қоғамының (АҚ) филиалы» қорларының жеке құрамы бойынша 709 сақт. бiрл. қабылданды.

Фотоқұжаттар топтамасын Көкшетау қаласының тарихы бойынша 30фотосурет толықтырды. Азаматтардан 20 сақт. бiрл./72 құжат түстi. Бұл 1928, 1952-1983, 1985, 2000, 2003-2005, 2008-2010, 2014-2015 жылдарғы жеке тектiк құжаттары Ешмағамбетов Ғазис Ешмағамбетұлының, Еңбек Қызыл Ту орденiнiң кавалерi, Қазақ КСР еңбек сiңiрген агрономы, еңбек ардагерi.

01.07.2016жағдайына мемлекеттiк архивте485 қор есептеледi, мемлекеттiк сақтауда 115228 сақтау бiрлiгi бар, солардың басқарушылық құжаттаманың тұрақты сақтау — 57379, ұзақ уақыт және уақытша –1729, жеке құрам бойынша –42578, ғылыми-техникалық құжаттаманың –60, жеке шығу тегi –2613, фотоқұжаттар — 10880, фоно — 33, кино — 14, видео — 2.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында тағы 4қор құрылды.

Есептiк кезеңiнде мемлекеттiк архивпен бақылау жүзеге асырылған, ведомстволық сақтау, қала мекемелерi мен кәсiпорындары iс жүргiзуiнде құжаттауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша тәжiрибелiк және әдiстемелiк көмек көрсетiлген.

«Көкшетау қаласының азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi» ММ, «Ақмола облысы әдiлет департаментiнiң Көкшетау қаласының әдiлет басқармасы» РММ, «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ, «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бұқпа» орман шаруашылығының мекемесi» КММ, «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «№ 1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, «Көкшетау қалалық мәслихатының аппараты» ММ, «Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжi» МКҚК, «Қимыл-тiрек аппаратының бұзумен мүгедек балалар үшiн медициналық-әлеуметтiк мекемесi, Көкшетау қаласы» КММ, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң «Жұмыспен қамту орталығы» КММ үшiн 10iстер номенклатуралары Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК-мен жетiлдiрiлген және келiсiлген.

«Көкшетау қаласының азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi» ММ, «Тыныс» АҚ, «Қимыл-тiрек аппаратының бұзумен мүгедек балалар үшiн медициналық-әлеуметтiк мекемесi, Көкшетау қаласы» ММ, «Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжi (қазақ тiлiнде оқумен) Көкшетау қаласы» МКҚК, Ақмола облысының бiлiм беру басқармасы жанындағы «Жоғарғы колледж, Көкшетау қаласы» МКҚК үшiн сараптамалық комиссия туралы 5 ережеден және«Тыныс» АҚ, «Қимыл-тiрек аппаратының бұзумен мүгедек балалар үшiн медициналық-әлеуметтiк мекемесi, Көкшетау қаласы» ММ, «Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжi (қазақ тiлiнде оқумен), Көкшетау қаласы» МКҚК, Ақмола облысының бiлiм беру басқармасы жанындағы «Жоғарғы колледж, Көкшетау қаласы» МКҚК үшiн ведомстволық мұрағат туралы 4 ережеденАқмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК-мен жетiлдiрiлген және келiсiлген.

Құжаттардың ғылыми-техникалық өңдеуi, ғылыми-анықтамалық аппаратты құрастыру, құжаттау мен құжаттаманы басқару, iстер номенклатурасын құрастыру, ведомстволық архивтiң төлқұжатын құрастыру сұрақтары бойынша қаланың мекемелерiне, ұйымдарына, кәсiпорындарына 66кеңес берiлген, олардың iшiнде: «Көкшетау-Жылу» ШЖҚ МКК, «№ 1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ, «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ, «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Көкшетау қалалық мәслихатының аппараты» ММ, «Көкшетау Энерго» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ, Көкшетау қалалық соты, «Көкшетау қаласының физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлiк мектебi» филиалы, «Көкшетау қаласының бiлiм беру бөлiмi», «Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжi (қазақ тiлiнде оқумен, Көкшетау қаласы)», МКҚК, «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ, «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесi» КММ, «Балалар көркем мектебi» МКҚК, «Мамандандырылған балалар-жастар спорт мектебi» КММ, «Тренд Плюс» ЖШС, «Жоғарғы колледж, Көкшетау қаласы» МКҚК, «Көкшетау қаласының прокуратурасы» ММ, ҚР ҚЭМ құрылыс, тұрғын-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару iстерi бойынша Комитетiнiң «Солтүстiкгеодезия» «Казгеодезия» РМКК филиалы, «Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы» РММ және басқа.

2016 жылдың қаңтарында Ұлттық архив қорының жинақтау көздерi-ұйымдарына ведомстволық архивтерде сақталып жатқан, құжаттардың паспорттауын өткiзу туралы хабарлаумен хаттар жiберiлген болатын, олар бiрiншi тоқсанда қаланың 54мекемесi мен ұйымдарына жеткiзiлдi. Есептiк кезең уақытына төлқұжатты 27 ұйым мен мекеме ұсынды.

Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Н. Ж. Нұркенов пен Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының тапсырмасына сәйкес Көкшетау қаласының әкiмiмен толықтыру көздерiнде ведомстволық сақтауда жатқан, архивтiк құжаттарды тапсыру кестесi келiсiлген болатын, мемлекеттiк архивке тұрақты мемлекеттiк сақтауға. «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ-не Көкшетау қаласы мемлекеттiк архивiнiң толықтыру көздерi — қаланың ұйымдары, мекемелерi мен кәсiпорындарында белгiленген мерзiмнен тыс сақталатын, құжаттар бойынша ақпарат дайындалған болатын.

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ, «Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi» ММ, «Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi» ММ-не Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен жiберiлген хаттарға сәйкес осы мекемелерде құжаттардың ғылыми-техникалық өңдеуi өткiзiлген болатын. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ құжаттары мемлекеттiк сақтауға қабылданды.

2016 жылдың ақпанында «Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi жанындағы «Тiлдердi оқыту орталығы» КММ шақыруы бойынша ведомстволық архивтердi бақылау бөлiмiнiң басшысы номенклатураны құрастыру және жүргiзу, iстердi қалыптастыру бойынша баяндамамен iс жүргiзу сұрақтары бойынша семинар-кеңеске қатысты. Сәуiрде, бөлiм жұмысының жоспарына сай құжаттарды ресiмдеу, iстер номенклатурасын құрастыру, ұйым iс жүргiзуiндегi iстердi қалыптастыру және ведомстволық сақтау сатысында олардың сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ-де қала әкiмi аппараты мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерi қызметкерлерiмен семинар-кеңес өткiзiлген болатын (Краснояр селолық округi, Станционный поселкесi әкiмдерiнiң аппараттары; экономика және бюджеттiк жоспарлау; қаржы; iшкi саясат; дене шынықтыру және спорт; мәдениет және тiлдердi дамыту; жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар; кәсiпкерлiк; ауыл шаруашылық; ветеринария; жер қатынастары; ТҮКШ, жолаушылар көлiгi және автомобильдi жолдар; сәулет және қала құрылысы; құрылыс; бiлiм беру).

Барлығы — 2 семинар.

Жеке шығу тегi қорын құру үшiн құжаттарды iрiктеу мақсатында еңбек ардагерi, ауылшаруашылық ғылымдар докторы, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ профессоры — Т. К. Есенеевке барылды, оның құжаттары Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК-на келiсу үшiн ұсынылатын болады.

Көкшетау қалалық соты, «Көкшетау қаласының физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi» филиалына, «Көкшетау қаласының прокуратурасы» ММ, ҚР ҰЭМ құрылыс, тұрғын-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару iстерi бойынша Комитетiнiң «Солтүстiкгеодезия» «Казгеодезия» РМКК филиалына, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК iстер тiзiмдемелерiн және оларға ғылыми-анықтамалық аппаратын құрастыруда әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiлген.

20 iс және 72 құжат көлемiнде Еңбек Қызыл Ту орденiнiң кавалерi, Қазақ КСР еңбек сiңiрген агрономы, еңбек ардагерi — Ғ. Е. Ешмағамбетовтың жеке тектiк құжаттарының ғылыми сипаттауы жүзеге асырылды.

3. Ақпаратты-iздестiру жүйелерiн жасау,
ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану

Мемлекеттiк сақтауда жатқан, электрондық базаны құру және оған Көкшетау қаласының тарихы бойынша фотоқұжаттарды енгiзу бойынша жұмыс жалғасуда. № 9 «Көкшетау халық депутаттарының қалалық Кеңесi және оның атқару комитетi» қорының каталогтауы өткiзiлген. Барлығы 120 iс каталогтанды, 201 карточка құрастырылды. Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК-да тұрақты сақтаудағы iстер тiзiмдемелерi мекемелермен өңделген және бекiтiлген:

-«Altyntau Kokshetau» ЖШС — 165 сақт. бiрл.;

-«Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» ААҚ «Көкшетау қаласының физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлiк мектебi» филиалы — 77 сақт. бiрл.;

-Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК — 37 сақт. бiрл.;

-Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануын реттеу басқармасының «Бұқпа» орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi» ММ — 75 сақт. бiрл.;

-«ҚР ӘМ Ақмола облысының әдiлет департаментi Көкшетау қаласының әдiлет басқармасы» ММ (АХАЖ) — 143 сақт. бiрл.;

-ҚР ҰЭМ құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер қатынастарын басқару iстерi бойынша Комитетiнiң «Солтүстiкгеодезия» «Казгеодезия» РМКК филиалы — 14 сақт. бiрл.;

-«Көкшетау қаласының прокуратурасы» ММ — 113 сақт. бiрл.;

-Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы — 23 сақт. бiрл.;

Барлығы: 647 сақтау бiрлiгi.

-Көкшетау қаласының тарихы бойынша фотоқұжаттар — 30 сақт. бiрл.

-сот құжаттамасы — 23 сақт. бiрл.

Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК-мен жеке құрамы бойынша iстер тiзiмдемелерi өңделген және келiсiлген:

-«Altyntau Kokshetau» ЖШС — 514 сақт. бiрл.;

-«Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» ААҚ «Көкшетау қаласының физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлiк мектебi» филиалы — 104 сақт. бiрл.;

-Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК — 301 сақт. бiрл.;

-Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануын реттеу басқармасының «Бұқпа» орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi» ММ — 47 сақт. бiрл.;

-ҚР ҰЭМ құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер қатынастарын басқару iстерi бойынша Комитетiнiң «Солтүстiкгеодезия» «Казгеодезия» РМКК филиалы — 34 сақт. бiрл.

Барлығы: 1000 сақтау бiрлiгi.

Сонымен қатар сақтауға жатпайтын, құжаттарды жоюға актiлер келiсiлген, «Altyntau Kokshetau» ЖШС, «Көкшетау қаласының физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлiк мектебi» филиалы, «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, Көкшетау қалалық сотының, «Бұқпа» орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi» ММ, «Көкше Назар Али» ЖШС, «Солтүстiкгеодезия» «Казгеодезия» РМКК филиалы, «Көкшетау қаласының прокуратарусы» ММ12379 iс пен құжаттаркөлемiнде.

Ғылыми-анықтамалық аппаратын пайдалану сапасын арттыру мақсатында «Тоған» мемлекеттiк компаниясы «Көкше-Су» акционерлiк қоғамы» 136 қ. тiзiмдемесiнiң қайта өңдеуi өткiзiлуде.

«Архивтiк қор» бағдарламалық кешенiне бiрiншi жартыжылдық iшiнде бұрын енгiзiлген тұрақты сақтау қорлары бойынша ағымдағы өзгерiстер енгiзiлген.

№ 358 «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалды кеңсесi» қоры бойынша сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарының мәлiметтер базасына енгiзу бойынша жұмыс жалғасуда, есептiк кезеңiнде 2000 шарт — 38 сақт. бiрл. енгiзiлдi.

2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығы iшiнде уақытша пайдалануға тұрақты сақтаудағы — 5708 сақт. бiрл., олардың архив қызметкерлерiне — 5397 сақт. бiрл., пайдаланушыларға — 311 сақт. бiрл.; жеке құрамы бойынша — 6960 сақт. бiрл., олардың қызметкерлерге — 6935 сақт. бiрл., пайдаланушыларға — 25сақт. бiрл. iс берiлдi.

Мәдени-ағартушылық мiндеттi орындай отырып, мемлекеттiк архив архивтiк құжаттарды насихаттайды, көрмелердi, сабақтарды, экскурсияларды ұйым-дастырады.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында «Степной маяк» қалалық газетiнде 2 мақала дайындалды және жарияланды: «Дело мастером гордится», «Вспомним с благодарностью». Сонымен қатар мемлекеттiк архивпен «Счастливые и грустные моменты жизни» айдары үшiн «Любимый город» қалалық газетiне апта сайын түскен сұраулар саны туралы ақпаратты ұсынады.

2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен белгiлi жұмыс орындалған болатын.

Алғыс айту күнiне арналған, iс-шаралар аясында мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен 1937-1938, 1941-1948, 1950-1965, 1989-2001, 2004-2010, 2012 жылдарғы 80 экспонатты бiрiктiрген, «Менiң үйiм! Менiң тағдырым! Менiң Қазақстаным!» фотоқұжаттық көрмесi дайындалған болатын, ол Көкшетау қаласының физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлiк мектебiнде көрсетiлген болатын.

Саяси жазалар мен аштық құрбандарын еске алу күнi шеңберiнде мемлекеттiк архивпен «Тағдырдың қайғылы беттерi» еске алудың ақпараттық сағаты өткiзiлдi. Ақпараттық сағат барысында техникалық институт қызметкерлерi, курсанттары архив құжаттары бойынша сталиндiк жазалар қайғылы кезеңi туралы жан-жақты бiле алды, оларға «Ленфильм» киностудиясында 1984 жылы жазылған, «Алжир» кинофильмнен сюжеттер көрсетiлген болатын, бұдан басқа, мемлекеттiк архивпен «Қайғылы тағдырлар беттерi» фотоқұжаттық көрмесi көрсетiлген. Көрмеде 1934-2009 жылдарғы 80 экспонаттан аса көрсетiлдi, олардың әрқайсысы өзiңше бағалы. Бұл құжаттар — ресми, жеке, шығармашылық, марапаттау, қызмет және қоғамдық сипаттағы, сонымен бiрге фотосуреттер.

Халықаралық архивтер күнiне арналған, iс-шаралар шеңберiнде Ш. Құсайынов атындағы қазақ-драма театрында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасымен ұйымдастырылған, Ақмола облысы мемлекеттiк архивтерiнiң қызметкерлерi, архив қызметiнiң ардагерлерi мен қала жұртышылығы үшiн «Құжаттар дәлелдейдi …» фотоқұжаттық көрмесi ұйымдастырылған болатын. Көрмеде 1898-2015 жылдарғы 60 экспонатқа жуық көрсетiлдi. Қатысқандар қала тарихын архив суреттерi мен құжаттарында көрдi. Ал қала және облыс тұрғындарыныңақпараттық жаңалықтар сюжетiнде жергiлiктi телевизияның хабар тарату режимiнде, жоғарыда аталған көрмеде көрсетiлген, архивтiк құжаттармен танысуға мүмкiндiгi болған.

Есеп беру кезеңiнде физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң, № 6, 11 орта мектептерiнiң оқушылары, Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң студенттерi үшiн «Депортация», «Улицы родного края», «Все для фронта, все для Победы!», «Обеспечение сохранности документов архивного фонда», «Направления работы отдела информации и использования документов», «Горечь репрессий», «Документы и судьбы» тақырыбына 8 сабақ, дәрiс өткiзiлдi.

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн орындауында жақсарту мен жеделдiк мақсатында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен «Мемлекеттiк архив кеңес бередi» ақпараттық науқаны ұйымдастырылған болатын, ол «Ақмола облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы («ХҚО» РМК)» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының № 1 филиалында болған.

Мемлекеттiк архив жұмысының маңызды бағыттарының бiрi тақырыптық және әлеуметтiк-құқықтық сұраулардың орындалуы болып табылады. Есеп беру кезеңiнде азаматтардың 2083үндеутiркелдi, соның iшiнде 47 — тақырыптық, 2036 — әлеуметтiк-құқықтық. Барлық сұраулар қаралды, олардың тақырыптық — 47,әлеуметтiк-құқықтық — 1232дұрыс болып орындалды.

Мемлекеттiк архивтiң оқырман залында 26зерттеушiге қызмет көрсетiлдi, келiп кету саны 52құрады. Жұмыс үшiн оларға 336 сақтау бiрлiгi берiлдi. Зерттеушiлер тапсырыстары бойынша және тақырыптық сұрауларды орындауда құжаттардың 248 көшiрмесi жасалды.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат.
Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру

Есеп беру кезеңiнде 3 өндiрiстiк кеңес өткiзiлдi, онда келесi сұрақтар қарастырылды: 2015жылғы мемлекеттiк архивiнiң жұмыс нәтижелерi; 2015 жылғы мемлекеттiк архивiнiң қаржы-шаруашылық қызметi туралы есеп беруi; 2016жылға Көкшетау қаласы мемлекеттiк архивiнiң жұмысын жоспарлау туралы, Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасымен мемлекеттiк архивтi кешендi тексерiске дайындау, Халықаралық архивтер күнiне iс-шараларды дайындау туралы (толықтыру көздерiн, ардагерлердi шақыру, көрме, баннер, ғимарат).

Мемлекеттiк архив қызметкерлерi үшiн 2016жылға оқу жоспарыәзiрлендi, оған сай 5сабақ өткiзiлген болатын.

5. Еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi, мемлекеттiк архив ғимаратын,
оның материалдық базасын күту сұрақтары

Мемлекеттiк архивпен 2016жылға ТЖ кезiнде алдын алу және iс-әрекеттерi бойынша шаралар жоспарыәзiрленген және бекiтiлген. Оған сай қала сыртындағы аймаққа көшiруге жататын, мемлекеттiк архив қызметкерлерi мен олардың жанұялары мүшелерiнiң тiзiмi жаңартылған, сонымен қатар бiрiншi кезекте көшiруге қажет қорлар тiзiмдерi.

Ағымдағы жылдың ақпанында мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен кезектi қайталау нұсқамалығы өткiзiлдi. Сонымен бiрге осы iс-шаралар шеңберiнде ТЖ кезiнде алдын алу және iс-әрекеттерi бойынша өткен кезеңде 2 оқу сабағы өттi.


Көкшетау қаласының
мемлекеттiк архив директоры                                                                                                             Т. Какпенов

24.06.2016

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.09.2016 14:52

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz