A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
ӨМІРДЕ ЕРЛІККЕ ӘРҚАШАН ОРЫН БАР

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi коронавирустық инфекциямен күресу кезеңiндегi жауапты қызметтердiң жұмысын бейнелейтiн фото коллекция құжаттарынан «Өмiрде ерлiкке әрқашан орын бар» атты фотоқұжаттық көрмесiн дайындады.12 қарашада бұл көрме ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында орналастырылды.

Бұл фотоқұжаттық көрме коронавирус эпидемиясымен жанқиярлықпен күресетiндердiң, адамдардың денсаулығы мен өмiрiн қорғайтындардың барлығына арналған, соның iшiнде профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерiнен тұратын Көкшетау техникалық институтының шоғырланған отрядына арналған. Көкшетау техникалық институтының бастығы С. Д. Шәрiпханов бастаған офицерлер қала аумағын санитарлық өңдеуге қатысты.

Қазақстан Республикасы ТЖМ KTИ қызметкерлерi өздерiнiң сайттарында және Instagram парағында осы көрме туралы: «Өмiрде ерлiкке әрқашан орын бар». ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында дәл осындай атаумен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi» мекемесi 1 күнге арналған жылжымалы көрме ұйымдастырды. Мақсат — төтенше жағдай кезiнде қызметiн мүлтiксiз атқарған бүгiнгi күннiң батырларына алғыс айту, қазiргi ұрпақ санасына өткен шақты есте қалдыр» өз пiкiрлерiн бiдiрдi. Толық шолуды ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының сайтында оқуға болады (http://kti-tjm.kz/news/newsread/news_id-3396, kti_mchs_rk).

Мақаланың шыққан күні: 16.11.2020
Қаралым саны: 852

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz