2016 жылғы мамырдың 27- шi жұлдызында Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатымен Көкшетау техникалық институтында саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне арналған, «Тарихтың қайғылы беттерi» еске алудың ақпараттық сағаты өткiзiлген болатын. Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi — бұл ел тарихындағы қайғылы беттерi туралы еске салу, мыңдаған адамдар қылмыстарда айғақсыз айыпталған, лагерьлерге жiберiлген, атылған болатын.
Ақпараттық сағат барысында техникалық институт қызметкерлерi, курсанттары мұрағат құжаттары бойынша сталиндық құғын-сүргiннiң қайғылы кезеңi туралы жан-жақты бiле алды, оларға «Ленфильм» киностудиясында 1984 жылы жазылған, «Алжир» кинофильмнен сюжеттер көрсетiлген болатын, бұдан басқа, мемлекеттiк мұрағатпен «Қайғылы тағдырлар беттерi» фотоқұжаттаық көрмесi көрсетiлдi. Көрмеде 1934-2009 жылдарғы 80 экспонаттан аса көрсетiлген, олардың әрқайсысы өзiңше бағалы. Бұл құжаттар — ресми, жеке, шығармашылық, марапаттау, қызмет және қоғамдық сипаттағы, сонымен бiрге фотосуреттер.
Жеке қорлардан және жазаланған топтамасынан ұсынылған, үрейлi уақыт көз көргендердiң, қатысушылар мен балаларының құжаттары қатысқандарды немқұрайлы қалдырған жоқ, олардың арасында З. М. Темiрбековқа қатысты 1938 жылдың 27 ақпандағы КСРО Жоғарғы Соты Алқасының айыптау қорытындысы мен үкiмнiң көшiрмелерi; ақтау туралы өтiнiшпен КСРО Жоғарғы Сотының Төрағасы К. Е. Ворошиловқа И. Н. Салаховтың хаты; өкiмдердi жою туралы және ақтау туралы анықтамалар; Көкшетау қаласының құрметтi азаматы, Қазақ КСР халық ағартудың үздiгi В. А. Бельцтiң, денсаулық сақтау қызметкерлерi Ю. К. Драшконың, мәдениет Л. А. Дизендорф, көп балалы ананың Р. А. Кусиеваның, еңбек ардагерлерi Л. М. Кодзоеваның, Ш. Б. Кокурхоеваның, А. Д. Рафальскийдiң еске алу қолжазбалары және басқа.
Iс-шарада экспонатталған әрбiр құжаттың артында — бiздiң аймағымыздың халық шаруашылығы, ғылым, мәдениеттiң не ол, не басқа саласының дамуына уақыт ауыртпалықтарына қарамастан өз жеке үлесiн қосқан, адам тағдыры