A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Медицина қызметкері күні

Бұрынғы дәстүр бойынша Медицина қызметкері күні маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.Медицина қызметкерлерінің жұмысы қай заманда да қиын болғанымен, абыройлы болғаны баршаға аян.Олар күн сайын адам өмірін сақтап, алғашқы медициналық көмек көрсетеді, аурудың сипатын, емдеу жолдарын анықтайды. Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінда қаламыздың еңбек сіңірген медицина қызметкерлері Жанәділов Болат Сүлейменұлы, Байкенов Өмірбек Байкенұлы, Зиборов Сергей Викторович, Кәкенов Серік Қабдушұлы және т.б. жеке құрамы бірнеше қор бар. Б.С. Жанәділовтің 30 жылдық дәрігерлік қызметінде оның тікелей қатысуымен облыстық аурухананың терапевтік, хирургиялық корпустары, патология-анатомия бөліміне кеңейту және гараж салынды, жаңа медициналық жабдықтар сатып алынды, диагностика мен емдеуге енгізілді жаңа технологиялар алынды .Сондай-ақ «Милосердие» медбикелік күтім ауруханасы мен «Болашақ» оңалту орталығы ашылды.Болат Сүлейменұлы денсаулық сақтау жүйесіндегі жемісті еңбегі, халық денсаулығын сақтаудағы 30 жылдық тәжірибесі үшін бірнеше рет үкіметтік наградалармен, оның ішінде «Дружба народов» және «Құрмет» ордендерімен, «Отличник здравоохранения», «И.И. Пирогов 1810-1881 жж.», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» және т.б. төсбелгілерімен марапатталған. Көкшетау қаласының мемлекеттік архивтың ұжымы барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды!

 

Мақаланың шыққан күні: 16.06.2023
Қаралым саны: 1012

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz