A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні!!!

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан халқы жаңа Конституцияны қабылдау арқылы өз таңдауын жасады. Жаңа Негізгі Заңға сәйкес Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Конституцияның қолданылу кезеңінде Қазақстан көптеген тарихи оқиғалар мен өзгерістерді бастан өткерді, халықтың саяси мәдениеті мен мәдени-адамгершілік құндылықтары айтарлықтай өсті, экономиканың барлық салаларындағы көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды.

2023 жылғы 29 тамызда Көкшетау қаласының мемлекеттік архивында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті, онда 2022 жылғы 05 маусымдағы Республикалық референдумда енгізілген негізгі өзгерістер жарияланды. Архив ұжымы көптеген пайдалы мағлұматтар алып, ең бастысы Ата Заң – Тәуелсіздіктің белгісі екенін өздеріне анықтап білді. Барша халық қабылдаған өркендеуіміздің басты құжатына айналған негізгі заңды қастерлеу – парызымыз бен міндетіміз. Ата Заңды құрметтеп, сақтай отырып, оның тарихы мен маңызын түсіне біліп, біз өз елімізді, туған жерімізді, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркендеуінің кепілі.

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2023
Қаралым саны: 903

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz