A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң тұңғыш жалпыхалықтық сайлауы өттi, оның барысында Н.Ә. Назарбаев сайлаушылардың 98 пайызының қолдауына ие болды.

Қазақстан Республикасының Президентi лауазымына кiрiсу рәсiмiнде сөйлеген сөзiнде Н.Ә. Назарбаев былай дедi: «Бiз бастан өткерiп отырған осындай ғаламат тарихи өзгерiстердiң куәлары және қатысушылары болу кез келген ұрпақтың үлесiне тие бермейдi. Бiздi бiрiктiрiп, алға жетелейтiн идея — еркiн демократиялы егемен мемлекет құру. Мың жылдық қазақ тарихында тұңғыш рет өз Президентiн бүкiл халық болып сайлаған республика азаматтары желтоқсанның 1-i күнi, тегiнде, сол идея үшiн дауыс берген болатын».

Бүгiнгi таңда «Тәуелсiздiк» және «Елбасы» ұғымдары бiр-бiрiмен тығыз байланысты деп сенiммен айта аламыз, өйткенi егемен Қазақстанның барлық негiзгi жетiстiктерi оның ел көшбасшысы ретiндегi қызметiнiң жемiсi.

2011 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкiметi 1 желтоқсанда тойланатын «Тұңғыш Президент күнi» мемлекеттiк мерекесiн бекiттi.

Мерекелiк датаға, тұңғыш жалпыхалықтық Президент сайлауының 30 жылдығына орай Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Көкшетау қаласы мен Ақмола облысына сапарларын ашатын архив құжаттары негiзiнде бейнеролик дайындады.

Мақаланың шыққан күні: 01.12.2021
Қаралым саны: 757

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz