Тәуелсiздiк — барша қазақстандықтар үшiн ерекше құндылық. Ол бiр мезгiлде халықтың сан ғасырлық арманының орындалғанын бейнелейдi және ұлт тарихындағы жаңа дәуiрдiң бастауы болып табылады.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Степной маяк» газетiнде «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы жарияланды. Содан берi бiртұтас, көп ұлтты Қазақстан халқы жыл сайын 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiн мерекелейдi.
Дамудың жаңа даңғыл жолына түскен Қазақстан азаттық халқының ғасырлар бойғы армандарын жүзеге асырды. Халық алғаш рет өз мәдениетiн, тiлiн, сенiмiн, дiнiн, салт-дәстүрiн дамытуға мүмкiндiк алды. Бүгiнде республиканың әрбiр азаматы өз тәуелсiздiгiн мақтан етедi. Елiмiздiң тәуелсiздiгi — қазақ халқының ең қасиеттi олжасы.
30 жыл iшiнде Қазақстан азат елге айналды. Қазақстанда тұратын әрбiр ұлт, этнос өз тiлiнде сөйлеуге, өз халқының мәдениетi мен салт-дәстүрiн дамытуға құқылы.
Қазақстан өз табыстары үшiн 1991 жылы 1 желтоқсанда Мемлекет басшысы болып бiрауыздан сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев жүргiзген тұрақтылық саясатына қарыздар. «Бiздiң басты құндылықтарымыз — Тәуелсiздiк, Бейбiтшiлiк және тұрақтылық», — деп санайды Нұрсұлтан Назарбаев.
Республиканың Тұңғыш Президентiнiң басшылығымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтiк реформалар жүргiзiлдi. Шарль де Голль: «Әрқашан ең қиын жолды таңдаңыз — онда сiз бәсекелестердi кездестiрмейсiз», — дедi. Осындай қиын таңдауды Н.Назарбаев жасады.
Мiне, осы жылдар iшiнде Ұлт Көшбасшысы өз халқының сенiмi мен үмiтiн толық ақтап, еш сiлкiнiссiз және iркiлiссiз, туған Қазақстанды жаңа белестерге дәйектi және сенiмдi түрде бастап келедi.
2019 жылы Тәуелсiз Қазақстан Республикасы үшiн жаңа кезең басталды, Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев мемлекет басшысы қызметiнен кеттi.
Ол өз шешiмiн 2019 жылғы 19 наурызда республика халқына үндеуiнде: «Мен президент ретiндегi өкiлеттiгiмдi тоқтату туралы шешiм қабылдадым», — дедi ол. «Сiздер осы жылдар бойы маған сендiңiздер. Мен үшiн халыққа қызмет ету бақыт болды. Басымды иiп алғыс айтамын. Халықтың аманатын орындау үшiн талмай еңбек еттiм. Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру туралы» Жарлығын оқып бердi. Шешiм: Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-тармағынның 42-бабына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Президентi ретiндегi өкiлеттiктерiмдi жүзеге асыруды тоқтатамын. Бiрақ Нұрсұлтан Әбiшұлының ел дамуына қосқан үлесi, қаншалықты еңбегi баға жетпес екенiн бәрiмiз бiлемiз. Нұрсұлтан Әбiшұлы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Конституциялық Кеңестiң мүшесi қызметтерiнде қалды.
2019 жылдың 09 маусымында Президенттiкке кандидаттардың кезектен тыс сайлауы өттi. 2019 жылдың 10 маусымында ОСК (Орталық сайлау комиссиясы) сайлаудың қорытындысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президентi болғанын жариялады.