A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
«Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві» КММ жанындағы ғылыми-әдістемелік Кеңестің отырысы

2019 жылдың 18 қарашасында сағат 15-00-де Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнде, Темiрбеков 55 мекенжайында, «Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi» КММ жанындағы ғылыми-әдiстемелiк Кеңестiң отырысы өттi.

Кездесуге тарих ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы КММ тарихы кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, ғылыми-әдiстемелiк кеңестiң төрағасы Әбуев Қадыржан Қабиденұлы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң тарих, халықаралық қатынастар және әлеуметтiк жұмыс бөлiмiнiң меңгерушiсi, ғылыми-әдiстемелiк кеңесi төрағасының орынбасары Капышев Ардақ Қайыржанұлы, еңбек ардагерi, қоғам қайраткерi, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы, Көкшетау қаласы әкiмшiлiгiнiң бiрiншi басшысы Мурзин Айдар Хамзұлы, Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының бастығы Филиппиева Галина Михайловна, Ш.Уәлиханов атындағы КММ тарих пәнiнiң мұғалiмi Салимов Арғын Қайыргелдыулы, ведомстволық архивтердi бақылау бөлiмiнiң архивистi Скакова Нұргүл Амангельдықызы қатысты.

Архив қызметкерлерiмен Көкшетау қаласының тарихына арналған 5 роллапқа фотоқұжаттар таңдалды.

Қала тарихы туралы құжаттарды анықтау бойынша зерттеу жұмыстары барысында архив қызметкерлерi 1844-1917 жылдарға арналған «Революцияға дейiнгi кезеңдегi Көкшетау округiнiң өмiрi туралы» құжаттар жинағын дайындады. Архив қорларынан Көкшетау уезi тұрғындарының жүз жылдан астам өмiрi мен тұрмысы туралы қызықты құжаттар табылды.

Мақаланың шыққан күні: 19.11.2019
Қаралым саны: 1752

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz