A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
«Н. Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыптық экспозициясы

Көкшетау қаласының Мемлекеттік архивімен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Н. Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыптық экспозициясы орналастырылған. Экспозицияда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрген, еліміздің Тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау жолын ашып, оның одан әрі дамуын көрсететін кітаптар қойылған. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет шежіресі» кітаптар сериясында бірінші мемлекет басшысының қатысуымен өткен ел ішіндегі және одан тыс жерлердегі негізгі оқиғалар егжей-тегжейлі бейнеленген, сондай-ақ Н. Ә. Назарбаевтың ең маңызды сөйлеген сөздерінің мәтіндері ұсынылған.

Слайд-презентация түріндегі тақырыптық экспозициядан басқа, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Көкшетау қаласы мен Ақмола облысына жасаған сапарларын ашатын фотоқұжаттық көрме ұсынылды

Іс-шара соңында Көкшетау қаласының мемлекеттік архивіне көліктегі полицияның 100-жылдығына шығарылған «Отан қорғау жолында» кітабы сыйға тартылды.

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2021
Қаралым саны: 593

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz