A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Онлайн семинар-кенес

2020 жылдың 08 қазанында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында өткiзген онлайн семинар-кеңесiне Көкшетау қаласының Мемлекеттiк архивiнiң директоры Д. К. Жусупбекова мен бас есепшi Г. А. Асқарова қатысты. Оның барысында, 2020 жылғы 28 тамызында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң № 342 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексi» және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы мәселелер қаралды.

Ақмола облысы әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi уәкiлi А. Жанадилова «Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiн», Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының бас есепшiсi С. Головашова ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелердiң қаржылық қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi туралы түсiндiрдi.

Ал, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысының м. а. Г. Бекназарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн мұндай семинарлар тұрақты түрде өткiзiлетiндiгiн атап өттi.

Мақаланың шыққан күні: 08.10.2020
Қаралым саны: 974

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz