A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
ӨМІРДЕ ЕРЛІККЕ ӘРҚАШАН ОРЫН БАР

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi коронавирустық инфекциямен күресу кезеңiндегi жауапты қызметтердiң жұмысын бейнелейтiн фото коллекция құжаттарынан «Өмiрде ерлiкке әрқашан орын бар» атты фотоқұжаттық көрмесiн дайындады. 2020 жылдың 16 қарашасында бұл көрме Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығында орналастырылды.

Бұл фотоқұжаттық көрме коронавирус эпидемиясымен жанқиярлықпен күресетiндердiң, адамдардың денсаулығы мен өмiрiн қорғайтындардың барлығына, соның iшiнде Қ. Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлерiне арналған. Жұқпалы аурулар бөлiмiнiң бiрнеше ауысымындағы медициналық персонал, денсаулығына қауiп төндiргенiне қарамастан, науқастарға тәулiк бойы көмек көрсетуде.

Көрменi қарап шыққаннан кейiн облыс орталығының қызметкерлерi осы көрме туралы өз пiкiрлерiн Мемлекеттiк архивке жолдады.

 

Мақаланың шыққан күні: 18.11.2020
Қаралым саны: 985

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz