A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Көкшетауда болу тарихынан» фотоқұжаттық көрме

24 қарашада Тұңғыш Президент күні қарсаңында Көкшетау қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі ЕЦ-166/23 мекемесінің жеке құрамы мен сотталғандарға арналған көшпелі фотоқұжат көрмесін өткізді.

Фотоқұжаттық көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Көкшетау қаласы мен Ақмола облысына жасаған сапарларын көрсететін слайд-презентация түрінде ұсынылған. Фотоқұжаттық көрмеден басқа, Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Н. Ә.Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыптық экспозиция ұйымдастырылды. Экспозицияда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрген, еліміздің Тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау жолын ашып, оның одан әрі дамуын көрсететін кітаптар қойылған. Кітаптар топтамасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» Тұңғыш Мемлекет басшысының қатысуымен ел ішінде және шетелде болған негізгі оқиғаларды егжей-тегжейлі көрсетеді, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың ең маңызды сөйлеген сөздерінің мәтіндері ұсынылған.

Мақаланың шыққан күні: 25.11.2021
Қаралым саны: 542

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz