A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Еңбек күні

2013 жылдың 22 қаршасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбiсi аталып өтетiн «Еңбек күнi» мерекесi еңгiзiлген болатын.

Аталған мерекенiң басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберiндегi өндiрушi еңбектi ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсiбiн насихаттау және жұмысшы әулетiндегi көпжылдық дәстүрдi нығайту болып табылады. Iс–шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi, Қазақстан Республикасының Кәсiподақ Федерациясы және Ұлттық кәсiпкерлер палатасы бiрлесiп аталмыш мерекенiң жоспарын жасаған болатын. Алғаш рет атап өткiзiлгелi жатқан «Еңбек күнi» мерекесi күнi әрiптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыратын спорттық, шығармашылық байқаулар және еңбек адамдарына құрмет көрсетiп, «Еңбек ардагерi» медалiмен марапаттау көзделiп отыр.Көкшетау қалалық архив басшылығы аталған мерекеге орайсалтанатты iс-шара ұйымдастырып ұжым қызметкерлерiн құттықтады. Осы мереке аясында Көкшетау қалалық архивтың бiр топ қызметкерлерi өздерiнiң архив саласынакөп жыл енбеқ сiңiрген және бiрнеше шәкiрттер тәрбиелеп үлес қосқандары үшiн марапатталды. Олардың арасында Исмайлова Роза Сейiтбекқызы- құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу бөлiмiнiң басшысы, Хасенова Күляш Еслямбекқызы- қор сақтаушы, Спиридонова Татьяна Валентиновна- кадр инспекторы.

Мақаланың шыққан күні: 25.09.2017
Қаралым саны: 1385

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz