A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Көкшетау қаласының 200 жылдығы

2024 жылдың 29 сәуірі атаулы күн, Көкшетау қаласының құрылғанына 200 жыл толады.           

Тарихи деректерге сүйенсек, 1824 жылы 29 сәуірде генерал — губернатор Капцевичтің жарлығымен Көкшетау округі Приказы құрылған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледжімен қаланың құрылғанына бір мерейтойға орай Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві бірлескен іс-шара өткізді. Мереке колледж студенттерінің театрландырылған қойылымымен басталды.

Мемлекеттік архив қызметкерлері дайындаған фотоқұжаттық көрмеге ескі қаланың көшелері, ғимараттары, өткен ғасырдың 50-70 жылдарындағы фотосуреттер қойылды. Сондай-ақ, ең ерте кезеңі 1858 жылдан бастау алатын Архангел Михайл және Георгий шіркеулерінің тізілім кітаптары, соғысқа дейінгі және соғыс кезеңіндегі газеттер, атақты тұлғалардың, еліміздің Құрметті қала азаматтарының жеке тегі туралы түпнұсқа құжаттары ұсынылды. Шақырылған Көкшетау тарих мұражайының қызметкерлері де қаланың тарихы, оның екі ғасырдағы дамуы туралы әңгімеледі. 

 

Мақаланың шыққан күні: 29.04.2024
Қаралым саны: 2169

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz