A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
10 қазан Қазақстан кәсіподақтары Күні мерекеленеді

2018 жылы Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар Федерациясы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаевтың атына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерекелер тiзiмiне енгiзе отырып, Қазақстан кәсiподақтары күнiн белгiлеу туралы хат жолдады. Қазақстандық кәсiподақтар қозғалысының мәртебесiн көтеру мақсатында қоғамдық даму Министрлiгi Кәсiподақтар күнiнiң ресми танылуы жалпы азаматтық қоғамдағы кәсiподақтардың рөлiнiң күшеюiне және дамуына ықпал ететiндiгiн атап өттi.

Көкшетау қаласының Мемлекеттiк архивiнiң кәсiподақ ұйымына бар болғаны 1 жыл. Бiз кәсiподақ мүшелерiнiң қоғамына алғашқы қадамдарымызды ендi жасап жатырмыз, бiрақ ондағы жетiстiктерiмiз де аз емес. 2019 жылдың Жаңа жыл қарсаңында балалармен ең жақсы сурет салуға конкурс өткiзiп, әр кiшкентай қонақтарымыз өздерiмен бiрге жаңа жылдық сыйлықтармен қатар жаңа жылдық көңiл-күйлерiн де алып кеттi. Әрiптестердiң жалпы шешiмi негiзiнде, қарттар Күнiне арналған мерекеде олар қаржылық көмек пен қазiргi уақытта қажеттi антисептикалық заттар жиынтығын табыс етiлдi.

Алда адамдардың өмiр сүру деңгейлерiн жақсарту және дамыту, нығайтуға одан да тиiмдi жұмыс күтiп тұр.

Бiздiң ұжым үшiн әлi де шешiлмеген мiндеттер жеткiлiктi және тек бiрлiк, кәсiбилiк пен бiздiң өз жұмысымызға деген құштарлығымыз ғана алға жылжуға мүмкiндiк бередi.

Мақаланың шыққан күні: 08.10.2020
Қаралым саны: 1163

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8 (7162) 50-39-72

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz