AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

Бүгiн 2018 жылдың 22 қарашасында «Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi» КММ Қазақстан Республикасы Президентi Н. Ә. Назарбаевтың«Ұлы даланың жетi қыры» мақаласы талқыланды.Талқылауға мемлекеттiк архивтiң директоры Т. Ж. Какпенов, директордың орынбасары Г. К. Шамғанова, ведомстволық архивтердi бақылау бөлiмiнiң басшысы Р. С. Исмаилова,ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң архивистiСалимов А. қатысты. Мақалаға пiкiр жазу және қалалық газеттерге жiберу туралы шешiм қабылданды. Осы шара туралы архивтың сайтына жариялау.

«Ұлы даланың жетi қыры» атты мақаласында Ұлт Көшбасшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретiнде жаңа жобалар ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша: «Рухани Жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттерi ата-бабаларымыздың сан ғасырлық мұрасын сандық өркениет жағдайында түсiнiктi және сұранысқа ие етiп өзектендiруге мүмкiндiк бередi.» Мемлекет басшысы архив қызметiнiң маңыздылығын және 7 жылдық «Архивтер-2025» бағдарламасы дайындалатынын атап өткенiне бiз өте қуаныштымыз.Архивисттерге «Ұлы даланың ұлы есiмдерi» аттысаябақ-энциклопедияны құру жобасы жақын,«Ұлы дала есiмдерi», «Ұлы даланың көрнектi тұлғалары» ғылыми-танымал серияларын құру және тарату бойынша қызметтi жүйелендiру және жандандыру қажет, яғни ҰОС және Ауған соғысы ардагерлерiнiң, еңбек батырларының және тыл еңбеккерлерiнiң, бiздiң өлкемiздiң көрнектi тұлғаларының жеке тектiк құжаттарымен жұмыс жасау. Мемлекет Басшысының «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласы тек Қазақстан халқына ғана емес, сонымен қатар, кең халықаралық қоғам — академиялық топтарға, тарихшыларға, мәдениет және өнер саласындағы мамандарға, спорт, музей және архив iсi, журналистерге арналған. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдiк қауымдастықты дала өркениетiнiң мәдени-тарихи мұрасын зерттеуге қатысуға шақырады. Бiздiң елiмiздiң және бiздiң қаламыздың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау бойынша үлкен жұмыс күтiп тұр, атап айтқанда, жастарды отаншылдық пен туған өлкеге деген сүйiспеншiлiкке баулу,ғасырлар бойы жүрiп келе жатқан халықтың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсету.Мемлекет басшысы бастамашылық еткен бұл үлкен жұмыс, елiмiздiң халықаралық беделiн нығайтуға, заманауи әлемнiң мәдениеттерiн өзара жақындастыруға және байытуға мiндеттi түрде жәрдемдесетiн болады.

Мақалың шыққан күні: 22.11.2018 15:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2018 15:14
Қаралым саны: 8420
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';