Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві |
Қазақстандағы саяси жүйенi жетiлдiрiп, партияларды iрiлендiру үшiн “Отан” партиясының өзiмен мақсат-мүддесi бiр басқа партиялармен бiрiгуi нәтижесiнде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезiнде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертiлдi. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бiрiктi. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңiске жетiп, билiк партиясы аталды.
Елбасы Н.Назарбаев жетекшiлiк ететiн «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдiк деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биiктiгiмен бағалы болып отыр. Мемлекет басшысы дәстүрлi Жолдауында «Нұр Отан» партиясына басымдық берiп, қоғам тынысындағы қайбiр мәселе болмасын партияның араласуына жол ашып келедi. Сондықтан бүгiн «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық iс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын, «Қазақстан-2050 стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Жолдауын негiзге алып, жауапкершiлiк пен мiндеттер тұрғысында тоқталудың маңызы зор.
Көкшетау қалалық архивiнде НұрОтан партиялық кiтапшалары есепшi Қ.Мейрамға, архившiлер Н.Сақтағанова мен Р. Аскеноваға салтанатты түрде табыс етiлдi. Құтты болсын қадамдарыңыз!
ТЕЛЕФОН': 8 (7162) 50-39-72 | |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ': arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz |