AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Мультимедиялық басылым

Көкшетау. Тәуелсiздiк жылдары

Көкшетау өз тарихы барысында даладағы көзге түспес шың-шығынан iрiлеу облыстардан бiрiнiң әкiмшiлiк, ғылыми, мәдени орталығына жолын өттi. Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатын-да сақтауындағы құжаттарында бiздiң қаламызда Тәуелсiздiк жылдары болған мәндi қайта құрулар қатары баяндауда.

Өткен жүзжылдықтың 90-ыншы жылдарында Көкшетауда, жалпы елде де, экономикасында құрылымдық өзгерiстер басталды — меншiктiң әртүрлi нысандарындағы нарықтық қарым-қатынастың қалыптас-тырылуы, әлеуметтiк-мәдени өмiрiнде. Осы жылдары Көкшетау қала-сының өндiрiсi келесi салалармен ұсынылған едi: машинажасау мен металөндiру; тамақ және қайта өндiру; тау-кен байыту, жеңiл, орман және ағашөндiру .

Өндiрiстiк кәсiпорындар арасында «Көкшетау минералды сулары», «Тыныс», Васильков ТБК», КамАЗ-Инжиниринг», «Көкше-Полиграфия» акционерлiк қоғамдарының, «Көкшетау тiгiн фабрикасы», «Новопэк», «Риск-Бизнес» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiнiң, т. б. жұмысын атап өтуiмiз жөн. Индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары бiрнеше маңызды жобалар енгiзiлген: автомобильдi техниканың шығарылуы (КамАз-Инжиниринг» ЖШС), полиэтилен трубалардың шығарылуы («Тыныс» АҚ), трубаларды пенополимерминералды изоляциялауын және пеноизол жылытқышын шығару («Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС), құрғақ сүттi шығару («Гормолзавод» ЖШС) және т. б.

Басымды жобалардың бiрi Ресей-Қазақстандық кәсiпорын «КамАЗ-Инжиниринг» ЖШС автобустар мен тiркеме техникасын жинастыру болып едi. Бiздiң қаламызға осы кәсiпорынның ашылуы — маңызды оқиға: тек 2005 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейiн 70 автобус 144 жүк автомобильдерi, 8 тiркеме шығарылған ; ал 2007 жылы КамАЗ-Инжиниринг 2 мыңнан астам жүк автомобильдерiн жинас-тырып, кәсiпорын 12,5 млдр сомасындағы өнiмдi шығарған, бұл қала бойынша өнiмнiң жалпы көлемiнiң 43 % құрды . 2010 жылы «КамАЗ-Инжиниринг» Кеден одағының енуiне байланысты 150 автомобильге сұраныс алған .

Машинажасау саласында өндiрiстiң даму қарқынын «Тыныс» АҚ әзiрленген жобалар қамтамасыз етуде. Акционерлiк қоғамы авиа-циялық техниканың желiлелерiн және агрегаттарын шығарады, жылу-аудару құрылғыны, авиациялық өртсөндiргiштерiн, температура сингализаторларын, клапандарын, электрмагниттi переключательдер, медициналық оттегi-тыныс алу аппаратурасын, манометрлердi, өрт-сөнгiштердi және басқа да өнiмдi шығарады . Iрi инвестициялық жобалардың бiрi — су және газ құбырлары желiстерiн салу мен құрастыруға арналған, диаметрi 10-нан 250 мм-ге дейiнгi полиэтилен құбырларының сериялық шығарылымы жүзеге асырылған. 2005 жылы «Тыныс» АҚ «Сапа облысында жетiстiктер үшiн» Қазақстан Республика-сы Үкiметiнiң Премиясына ие болған . Полиэтилен құбырларын шығаруы жылдан-жылға өсуде, 2007 жылы «Тыныс» АҚ диаметрлерi әртүрлi 460 мың погон метрлерi шығарылып, барлығы кәсiпорын тауарлы өнiмiн 2006 жылға қарағанда 1,2 есе көп шығарған . 2009 жылы «Тыныс» АҚ жаңа жоба бойынша ұзынырақ диаметрлi — 110-нан 500 мм-ге дейiн, полиэтилен құбырларын шығара бастаған, олардың қолданылуы құбырпроводтарын салуда жаңа мүмкiндiктерi ашуда .

Металлургиялық саласын Қазақстан Республикасының алтын өндiру кәспорындарының бiрi — «Васильков таукен байыту комбинаты» АҚ табысты дамытуда . 2002 жылы комбинат өз қызметiн етудегi барлық уақытта катодты алтынның рекордты көлемiн өндiрдi — 920,9 кг, сондай-ақ 42,4 катодты күмiс те шығарылған. Тауарлы өнiмнiң көлемi 1 млдр 374 млн 640 мың теңгеге жетiп, өсiмi 132,5 пайызын құрған . 2010 жылдың 28 мамырында «Васильков ТБК» АҚ республикада ғана емес, бүкiл әлемде де iрiлердiң бiрi болып саналған, қуаты жылына 8 млн тонна рудалы алтынөндiру фабрикасын iске қосты. Бұл құрылыс Қазақстан Республикасының форсирленген индустриалды-инновация-лық дамыту Мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылған жобалардың бiрi болды .

Қайта өндiру өндiрiсiне екi рет халықаралық көрмелерде күмiс медальдарын алған «Құлагер-Арасан» минералды емдеу-ас суын; Мәскеу қаласында өткен «Интре-дринк-99» халықаралық көрмесiнде алтын медальмен марапатталған «Тұран» биогенезирленген суын шығаратын «Көкшетау минералды сулары» ЖШС зор үлес қосуда. 2001 жылдың мамырында кәсiпорын газдалған минералды сулары мен алкогольсыз сусындардың 2 жаңа құюдың линиясын тауып шығара бастады. Олардың өнiмдiлiгi сағатына 4000 бутылке. Минералды сулардан гөрi зауыт сапалы алкогольды өнiмдi шығарады, соған Мәскеуде, Алматыда, Киевте, Брюссельде өткен абыройлы дегустация-лық конкурстарда алтын, күмiс және қола медальдарды алғаны дәлел . 2008 жылы кәсiпорын сағатына 6000 бутылке қуатымен итальян жабдығын сатып алып, 2 алкогольдi цехiмен кеңейтiлген .

2008 жылы индустриалды-инновациялық даму стратегиясы шеңберiнде жылына 85 млн кiрпiш жалпы қуатымен екi кiрпiш зауыты («Қонжық» және «Интегра» БК» ЖШС) және жылына 80 мың м. кв. гранит плитасы қуатымен таскесу зауыты («Интергранитқұрылыс» ЖШС) iске қосылған, сонымен жылдың аяғына зауыттар 2250,0 мың силикат кiрпiшiн, 2548,2 м. кв бордюр плитасын және 475 м. кв. брусчаткасын шығарған .

Қаланың экономикасында нақты бәсекелiк ортасын құруда жыл сайын субъектiлердiң саны ұлғаятын кәсiпкерлiк бастырақ орнын иелеуде, сонемен егер де 2006 жылдың 1 қаңтарына қалада 12421 кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiтiркелген болса , ал 2009 жылдың 1 қаңтарына қала аумағында осындай субектiлердiң саны 14120-ға жеттi . Кiшi бизнес саласында 2008 жылы ғана 793 жаңа жұмыс орны құрылған. Дербес инвестициялар арқасында енгiзiлген: тәулiгiне 10 тонна өнiм өндiруiмен нан өнiмдерi зауыты, 10 мың тонна мұнай сақталатын цестерналар жалпы көлемiмен «КөкшетауМұнайСервис» ЖШС және т. б. Жылдан жылға жаңа ашылған кәсiпорындардың саны өсуде, егер де 2008 жылы 70-тан астам кәсiпорын ашылса, 2009 жылы олардың саны — 80-нен астамы, солардың iшiнде: «Строймарт», «Триумф», «Қазақстан», «Абди компани», «Sәtti» сауда үйлерi, «Тенгри» мейрамхана мен бильярд кешенi, «Түркiстан» мейрамханасы, «Жiбек жолы» сауда нарығы, «Рио» сауда-ойынсауық кешенi, «Аспан» сауықтыру кешенi, «Астори» кешенi, «Mitsubishi», «Toyota» автомобиль маркаларын сатудағы автосалоны және басқалары .

Президент Н. Назарбаевтiң бастамасымен 2005 жылы басталған тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруына сай жыл сайын iске қосылған тұрғын үйлердiң саны артуда . Сонымен 2007 жылы 7,7 мың м. кв. коммуналды тұрғын үй және 7,4 мың м. кв. қол жетiмдi кредиттiк-қайтарым тұрғын үйi салынған , ал 2009 жылы 47 мың м. кв. тұрғын үйi iске қосылған . 2009-2010 жылдары ардагерлер, медициналық қызметкерлер үйлерi салынған, «Нұрлы көш» пилоттық бағдарлама шеңберiнде бiздiң отандастарымызға 138 үй салынған .

2008 жылдың 21 қазанында Көкшетау құрылысының бас жоспары бекiтiлiп, ол жаңа қалақұрылысының негiзгi құжаты болып табылды .

Экономикадағы жетiстiктер қаланың әлеуметтiк саласының дамуында да бейнесiн тапты. Халықтың әл-ауқатын жақсартуда белсеңдi нысандарын қолданудың нәтижесiнде (жұмыспен қамту, төленетiн қоғамдық жұмыстарға азқамтылған отбасылардан тұлғаларды шақырту, зейнетақыларының және минималды жалақылардың мөлшерiн көтеру) азқамтылған азаматтардың саны төмендедi, еңбек нарығында жағдай жақсарған — 2009 жылы ресми жұмыссыздықтың көрсеткiшi 0,4 пайызында болды (2007 — 0,6 пайыз) . Ортаайлық жалақылардың мөлшерi өсуде, өткен жылы ол 52 мың теңгенi құрған (2000 жылы — 11152) .

Қалада 5 жоғары, 14 орта арнайы, 25 орта, 12 мектепке дейiнгi оқу мекемелерi саналуда . Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың 7 мамырындағы № 573 қаулысына сай педагогикалық, ауыл шаруа-шылық және Қарағанды политехникалық филиалының негiзiнде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi құрылған . Соңғы төрт жыл iшiнде қайта жаңғыртудан соң 280 орынға «Қуаныш» балабақшасы, 320 орынға «Арман» жаңа балабақшасы , мектепке дейiн-гi балаларға үш мини-орталығы ашылған . Бiлiм саласында 2009 жыл мәндi болды, сол жылы екi маңызды оқиға өттi — бұл республикада екiншi «Өркен» Бiрiншi Президентiнiң интеллектуалды мектебiнiң iске қосуы және Көкшетау облысытық орталықтары арасында «Алты белгi» иегерiнiң саны бойынша — 39 оқушы, бiрiншi орынға ие болған .

Қала халқына медициналық қызмет көрсетуiн 8 денсаулық сақтау емдеу-алдын алу мекемелерi жүзеге асыруда . Сапалы медициналық қызмет көрсетуiн көкшетаулықтарда кардиохирургиялық және невроло-гиялық бағыттағы ауруларын қалпына келтiруға арналған жаңа реа-билитациялық орталығында (2009) алуға мүмкiндiгi бар .

Қаланың мәдени өмiрiн дамытуына зор назар аударылуда. Қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бақылауында 10 ме-кеме, соның iшiнде «Көкше», «Достар» екi мәдениет үйi, 8 кiтапхана бар.

1995 жылы 20 ғасырдың басында салынған, ағаш зодчествоның ескерткiшi болып табылатын қаланың ескi ғимараттарының бiрiнде М. Ғабдуллин мұражайы ашылған, ал 2004 жылы қаланың тарих мұражайы.

1996 жылдың наурызында Ш. Құсайынов ат. қазақ музыкалық-драма театрының ашылуы маңызды оқиға болды, оның бiрiншi театрлық маусымы Ғ. Мүсреповтың «Ақан серi — Ақтоқты» спектаклiмен басталған .

2006 жылы «Көкшетау достарды шақырады» бiрiншi халықаралық фольклорлы фестивалi өттi. Фестивальға қатсушылар Түркиядан, Қырғызстаннан, Татарстаннан, Чувашиден, Тюменнен келген . 2007 жылы Көкшетауда Ш. Құсайыновтың туғанынан 100 жылдығына арналған театрының аймақтық фестивалi өттi. Шара Ш. Құсайыновтың барельефiн салтанатты ашылуымен аяқталған .

2009 жылдың 1 қаңтарына Көкшетауда 11019 адам қызмет атқарған 207 спорттық объектiлерi жұмыс iстеген, соның iшiнде 2 стадион, 2 спорттық кешен бассейнмен, 6 спорттық кешен, 60 спорттық зал, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 мергендiк тир, 87 жал-пақ жабдық, 10 хоккей корты, 15 қоса салынған спорт залы, 1 иппод-ром . Соңғы жылдары қаланың спорттық өмiрiнде көп мәндi оқиға өткен: олимпиялық стандарттарға сәйкес бассейнмен және жоғары дәрежелi шараларды өткiзуге мүмкiн беретiн мұз аренасымен «Бурабай» спорт сарайы iске қосылған (2009) , «Арлан» хоккей клубы құрылған, алғаш рет 8 елден өкiлдерi қатысқан триатлон бойынша Азия Кубогы, қазақстан спортшылардан гөрi ТМД елдерiнiң өкiлдерi де қатысқан картинг және автомотоспорт бойынша Қазақстан Чемпионаты, «Дебри» аттар спорт түрлерi бойынша ашық турнирi. өткiзiген . Көкшетау спортшылары да өз жетiстiктерiмен қуантады — 2007 жылы ұлдар арасында пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионы Ла Гарде француз қаласында жоғары награданы алған Көкшетау қаласынан 18 жастағы Сергей Вайгант болды ; 2008 жылы Пекинде өткен Олимп ойындарында бiздiң ауыратлетигi Мария Грабовецкая Қазақстан қола медалiн жеңiп алған .

Көкшетауда 29 баспа және 11 электронды бұқаралық ақпарат құралы шығарылуда . 2007 жылы «Келешек-2030» баспасөз үйi ашыл-ған, оның негiзгi қызметi — мектептерге, гимназияларға, колледждерге, жоғары оқу орындарға оқу және әдiстемелiк әдебиеттердi шығару .

2003 жылы қаланың 6 АТС қосатын екi жаңа цифрлiк телефон станциясы iске қосылып, байланыс сапасының көтерiлуiне әкелдi, телефон нөмiрлерiнiң дефицитi проблемасы шешiлдi .

2006 жылы Көкшетауда «бiр терезе» принципiндегi халыққа қызмет көрсету жаңа орталығы (ХҚКО) ашылған .

Жылдан жылға қаланың сыртқы түрi жақсартуда. Бас қалақұры-лыс желiлерi күтiлген түрiне жеттi: кiруi, вокзалдар, Мәдениет сарайы мен үйлерi, алаңдар, паркiлер, скверлер. 2001 жылы, Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығы жылында Көкшетауда «Тәуелсiздiк» алаңы пайда болды . Қаланы толық жаңғыртылған және жаңа салынған ғимараттар көркейттi: «Көкшетау» Сарайы (2001) , Cinema Alem кинотеатры, «Оқжетпес» стадионы (2005) , «Жекебатыр» қонақүй кешенi (2001) , және де 2007 жылы жалпы көлемi 5898 м. кв. салтанатты ашылған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының алдндағы фонтанмен ғимараты және «Қазақтелеком» АҚ ғимараты, т. б .

Соңғы жылдары М. Әуезов, Абай, М. Горький, А. Пушкин, Бейбiт-шiлiк және басқа көшелердiң жөндеуi жүзеге асырылған. Қаланың көшелерi мен алаңдары газондармен, гүлдiктермен көркейтiлген. Түнде де қала әсемдiгiмен танытады. Алғаш рет «Центральный» және «Васильков», «Боровской» және «Юбилейный» шағын аудандарын бөлетiн көшелер жарқтанған. Көп көшелерде жарық шамдар жаңа, одан да жарық шамдармен ауыстырылған.

Қаланың сәндi түрiн жаңа ашылған ескерткiштер де қосуда: XVIII ғасырдың ұлы мемлекеттiк қызметкерi, әйгiлi қолбасшы және дипломат Абылай ханға (1999) ; екi рет Кеңес Одағының Батыры болып атанған, авиация генерал-майоры Т. Бегельдиновқа (2000) ; және де қазақ ағар-тушы, демократ Ш. Уәлихановқа мүсiнi (1998) ; Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллинге (1995) ; белгiлi ғалым Қ. Сәтпаевке (2001) мүсiндерi. Осы жылы да мәндi жобалар жүзеге асырылған, сонымен тамызда Щучье-Бурабай зонасы жағынан кiргенде «Құлагер» ескерткiшi ашылған , қыркүйегiнде толық өзгертiлген Горький көшесi тапсырылған .

Қалаға келетiндердiң бәрiн 2001 жылдың 24 қазанынан вокзал алдындағы алаңын көркейтетiн «Ананың ақ тiлегi» декоративтi-скульптуралық композициясы қарсы алады .

2008 жылы Көкшетау қаласы ТМД 100 қаласы көлемiнде енетiн Халықаралық қалалар ассоциациясы (ХҚА) мүшесi болды .

Соңғы 20 жыл iшiнде Қаланың әкiмшiлiк-аумақтық қайта құрулары да өттi.

Көкшетау облысы әкiмiнiң және Көкшетау облысытық мәслихатының 1997 жылдың 30 сәуiрiндегi № С-13/411 бiрлескен шешiмiмен Көкшетау қаласының шекаралары таратылған Көкшетау ауданының орталығы Красный Яр селосының жерi қосылғаны арқасында өзгертiлген .

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылдың 3 мамырын-дағы № 3483 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылы-мын жақсарту бойынша келесi шаралар туралы» Жарлығымен Көкшетау облысы таратылып, оның аумағы, соның iшiнде Көкшетау қаласы да, Солтүстiк Қазақстан облысының құрамына ендi .

Екi жыл өтiсiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылдың 8 сәуiрiндегi № 114 «Ақмола және солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарында өзгерiстер туралы» Жарлығымен Ақмола облысының шекаралары өзгертiлiп, оның құрамына бұрын Солтүстiк Қазақстан облысына енген Көкшетау қаласы кiрдi. Ақмола облысының әкiмшiлiк орталығы Көкшетау қаласына көшiрiлген .

Көкшетау қ. мемлекеттiк

мұрағатының құжаттары бойынша

Мақалың шыққан күні: 28.03.2016 16:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2016 11:16
Қаралым саны: 5061
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';