Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Коворкинг орталығы

2018 жылы 6 маусымда мемлекеттiк архив қызметкерлерi «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыруда М. Жұмабаев атындағы АОҒӘК тәжiрибе алмасуға барды. Кiтапхана директоры Ибраев Т. К. жеке өзi кiтапхана жұмысының «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын iске асырудың жаңа формалары туралы айтып бердi. Бiздiң назарымызға келесi бөлiмдер ұсынылды: «Мобильдi кiтапхана» интерактивтi оқу залы, «Рухани жаңғыру», Қазақстан географиясы салт — дәстүрiне арналған әңгiмелесулер, сондай — ақ, Коворкинг орталығы — әртүрлi бiлiмдi және кәсiби дағдылы ашық адамдар қоғамдастығы көрсетiлдi. Коворкингтiң басқа кеңiстiктегi жұмыстан үбегейлi айырмашылығы  — ол әртүрлi бiлiмдi және кәсiби дағдылы ашық адамдар қоғамдастығы және кiтапхана жаңғыртуда үлкен қадам. Бұнда кез — келген адам кiтапхананың материалды — техникалық базасында тегiн пайдалана алады: ноутбуктермен, кiтаптармен, тегiн интернетпен, сондай — ақ сусын шай немесе кофе iше алады. Коворкинг орталығы төрт белсендi аймағын қамтиды: мұнда жастар клубының отырысы, командалық — ағылшын «Полиглот» клубының отырысы, жұмысшы: онда әрбiр адам өзi үшiн тарихи — әдеби «Magjan.kz» порталын аша алады, әлеуметтiк желiлер мен сайттарды пайдаланушыларға Ақмола облысының көрiктi жерлерiмен, белгiлi тұлғаларымен, ақын — жазушыларымен, туған өлкенiң аңызымен, әдет — ғұрып нысанымен танысуға мүмкiндiк бередi. Еркiн рұқсат жерде, — релакс аймағында — онда жастар ыңғайлы дивандар да, жұмсақ жиһаздарда еркiн отырып жергiлiктi ақын — жазушылардың, «100 жаңа оқулықтар» бағдарламасы аясында шығарылған 18 жаңа оқулықтарымен, сондай — ақ , республикалық «Бiр ел — бiр кiтап» акциясы бойынша шығармашылықтарды оқу үшiн, Елорда — Астананың 20 — жылдығына қызықты баспа басылымдарын және қазақ тiлiнен латын графикасына ауысу бойынша насихаттаулармен таныса алады. Коворкинг орталығының ашылуына: Ақмола облысының әкiмi –Мырзалин Мәлiк Кеңесбайұлы және «Нұр Отан» партиясының бiрiншi төрағасы — Мәулен Ашимбаев қатысты.

Мақалың шыққан күні: 07.06.2018 10:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.06.2018 14:25
Қаралым саны: 4476
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';