Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві |
Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдауының 20 жылдығы қарсаңында қаланың мемлекеттiк архивi «Бiрлiк» шағын ауданындағы модельдi қалалық кiтапханасында қалалық ақпараттық-кiтапханалық жүйемен ұйымдастырылған «Ата Заң — тәуелсiздiк тiрегi мен тұғыры» позитив науқанына белсендi қатысты. Кiтапхана қызметкерлерi қонақтарды далада флешмобпен қарсы алып, концерттiк бағдарлама дайындады. Осы iс-шарада мемлекеттiк архив өкiлдерi құттықтау сөздерiн сөйледi және шығармашылық байқауларға қатыстырылған болатын, бұдан басқа мемлекеттiк архивпен «Бейбiтшiлiк, келiсiм және жасампаздықтың 20 жылы» фотоқұжаттық көрмесi көрсетiлдi. Көрмеде 1995-2015 жылдардағы қала тарихы бойынша әрқайсысы өзiнше ерекше 70-тен астам фотоқұжат ұсынылды.
ТЕЛЕФОН': 8 (7162) 50-39-72 | |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ': arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz |