Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Халықаралық қарттар күні

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл күн – аға ұрпақтың сіңірген еңбегін еске алуға, қарттардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жаңаша көзқараспен қарауға және тағы да әкелер мен аналарға, аталар мен әжелерге, ардагерлерге, зейнеткерлерге алғыс айтудың тамаша сәті.

Көкшетау қалалық мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері ардагерлерді құттықтап, олардың әрқайсысына үйлеріне барып, ілтипат ретінде сыйлықтар табыс етті. Ардагерлерімізге шын жүректен зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, жылулық пен бақыт тілейміз. Әркімге жақындарының ілтипаты мен түсіністігі, қамқорлығы мен шынайылығы дарынды болсын. 

Көкшетау қаласының мемлекеттік архивтың ұжымы.

Мақалың шыққан күні: 01.10.2024
Қаралым саны: 118
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';