AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Туған жеріміздің өткен жылдары

Көкшетау қаласының 200 жылдығын мерекелеу қарсаңында Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві «Туған жеріміздің өткен жылдары» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды. Бұл шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледждің 1 курс студенттері қатысты.           

Бұл көрмеде ең ерте кезеңі 1858 жылдан бастау алатын Архангел-Михайл және Георгий шіркеулерінің метрикалық кітаптары, соғысқа дейінгі және соғыс кезеңіндегі газеттер, ҰОС қатысушылары А. Ж. Жакупованың, Өмірбаева Г.О., Смирнова — Кухарская М.П. жеке тегі қорларынан алынған құжаттар ұсынылған және т.б. Колледж студенттері латын және араб тілдеріндегі құжаттарға үлкен қызығушылық танытты.           

Архивисші З. Еслямбек студенттерге Көкшетау қаласының тарихы, оның соғысқа дейінгі қалыптасуы, тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру жылдары, Көкшетау облысын басқарған Е. Н. Әуелбеков 60-70 жылдар туралы қысқаша дәріс оқыды.

 

 

 

Мақалың шыққан күні: 27.03.2024
Қаралым саны: 272
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';