A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
Халықаралық музейлер күнi

Жыл сайын 18 мамырда дүние жүзінің мұражай қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді.Халықаралық мұражай күні 150-ден астам елде тойланады. Көкшетау қаласында 4 мұражай жұмыс істейді, олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді.           

Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің мұражайы Көкшетау облысы әкімінің 1995 жылғы 04 қыркүйектегі № 391т өкімімен ашылды. Батырдың 80 жылдығына орай 2005 жылдың 19 тамызында толық жөндеуден кейін жаңа мұражай ғимаратының салтанатты ашылуы болды.      

Көкшетау қаласының тарихы мұражайы (бұрынғы В. В. Куйбышев атындағы мұражай-үйі). Мұражай ғимараты республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес әскерінің жараланған жауынгерлеріне арналған тыл госпитасы бір қабатты ағаш ғимаратта орналасқан. 1948 жылы онда В.В. Куйбышевтің мемориалдық мұражайы ашылды, ол 2000 жылы Көкшетау қаласының тарихы мұражайы болып қайта құрылды.   

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – өлкедегі көне мәдениет мекемелерінің бірі, 1920 жылы уездік халық ағарту бөліміне қарасты Көкшетау тарихи-өлкетану мұражайы, көрнекі құралдар мұражайы ретінде құрылған.     

Әдебиет және өнер мұражайы 1989 жылы құрылып, 1993 жылы маусым айында келушілерге ашылды. Бұл мұражай Ақмола облысының және бүкіл Қазақстанның атақты әншілерінің, импровизаторларының, ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығына зерттеу

Мұражай қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

 

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2023
Қаралым саны: 611

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz