AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Халықаралық архивтер күні Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында

Халықаралық архивтер күнi Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында 10 маусым күнi 2016 жылы облыс архивистерiнiң кеңесi өткен, оған Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Н. Ж. Нұркенов қатысқан. Кеңеске «Құжаттар дәлелдейдi» тақырыбы бойынша фотоқұжаттық көрмесi ұштастырылған болатын. Көкшетау қаласының мемлекеттiк архив өмiрiндегi айрықша оқиға 2016 жылғы бiрiншi тоқсан нәтижелерi бойынша Ақмола облысының архивтiк қызметiндегi Үздiк көрсеткiштерi үшiн облыстық әкiмдiгiнiң дипломын алу болған. 01.06.2016 Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының рейтингiнде облыстың барлық архивтерi арасында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi бiрiншi орынға ие болды. Көкшетау қаласы мемлекеттiк архивiнiң сақталу және мемлекеттiк есепке алу бөлiмiнiң басшысы Кенжетай Қалымтайқызы Бижанова архив қызметiне үлесi үшiн Ақмола облысы әкiмiнiң Грамотасымен марапатталды.

           

Мақалың шыққан күні: 13.06.2016 17:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.06.2016 17:54
Қаралым саны: 3387
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';