«Қаланың көшелеріндегі саяхат» тақырыбындағы сабақ
Архив қызметкерлері кезекті рет «Қала көшелері бойынша саяхат» тақырыбына № 18 орта мектебінде 8-9 сыныптар оқушылары үшін сабақ өткізді. Осы сабақта оқушыларға біздің атақты қаламыздың көшелерінің қалыптасу тарихы, сонымен қатар, оларға қай әйгілі адамдардың, есімдері берілгені туралы айтып берді. Көкшетау қаласының архивінде сақталатын фотоқұжаттар көмегімен тындаушылар қаланың алғашқы көшелерімен танысты, Советская көшесі (қазіргі М. Әуезов), К. Маркс көшесі (қазіргі Абай), М. Горький көшесі (қазіргі М. Горький) сияқты.
Мақалың шыққан күні: 05.04.2017 15:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.04.2017 14:44
Қаралым саны: 4418