Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Сабақ «Өткеннің қара дақтары ...»

Бiздiң жалпы тарихымыздың ерекше бетi — сталиндiк қуғын — сүргiн кезеңi. Миллиондаған шырқы бұзылған және азап шеккен тағдыр — бұл бiздiң ортақ қасiретiмiз. «Қызыл террор» деп аталатын саясат 20-шы жылдарда бастау алып, өткен ғасырдың 50-шi жылдары, бұрынғы Кеңес Одағының барлық халықтарының тарихында қанды iз қалдырған. Қуғын — сүргiнге қандай да бiр сөздер немесе iс-әрекеттер үшiн ғана емес, шығу тегi, тәрбие, бiлiм, сол немесе өзге партияға қатысты болғандықтан ұшыраған, саяси ағымға, дүниеге көзқарас, дiнге, әлеуметтiк, ұлттық керек — жарақтарына, жасына немесе жынысына қарамастан кез келгенi құрбан бола алатын. Көбiнесе қуғын — сүргiнге ұшырағандарды РКФСР ҚК (Ресей Кеңестiк Федеративтiк Социалистiк Республикасының Қылмыстық кодексi) 58-10 бабының — «Насихаттау немесе үгiттеу, Кеңестiк билiктiң құрамын қиратуға шақыру, бұзу немесе әлсiреуiне немесе жеке контерреволюциондық қылмыстар жасауға, сол сияқты әдебиеттiң бiр мазмұндағы таратылуы, жасалуы немесе сақталуы» және 57-11 бабының «Әртүрлi ұйымдастырылған iс-әрекет, қылмыс жасауға немесе дайындыққа бағытталған, сондай-ақ ұйымға қатысу үшiн, бiр қылмыс жасауға немесе даярлау осы тарауда көзделген». (Дегенмен, көптегендердiң бұл баптарға қатынасы болмаған). Елiмiзде 58-бабы бойынша сотталғандардың жалпы саны 3. 770.000 адамнан астам; 642980 адам ату жазасына кесiлдi; 2369000 адамды 23 жылға бас бостандығынан айыру үкiмi шығарылды. Тарихшы Рой Медведев деректерi бойынша, 1927 жылдан 1953 жылдарға дейiн ел бойынша сталиннiң қудалауына 40 000 000 адам ұшырады.

Қазақстанда осы кезеңде 103000 адам жазаланған, 25000 адам ату жазасына ұшыраған, аштықтан 42 пайыз қазақ қаза тапқан, 1 0000000 астам адам қоныс аударған, статистика бойынша Ақмола облысында 2006 жылға осы жылдар аралығында 4789 адам, ал Көкшетауда 314 адам қудаланған. Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң құжаттарында қатыгез уақыт кезеңi туралы кейбiр мәлiметтер сақталған, олармен бiз бөлiскiмiз келедi. Себебi, архивте, латын тiлiнен аударғанда жазба мұрасы, кейiнге қалдырылған құжаттар, тарихтың жанды айғағы болып табылады, ұлы тарихшы Тарле айтқандай: «тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ.» Осы тақырып бойынша Көкшетау мемлекеттiк архивiнiң ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң бiрiншi дәрежелi архивисты Нұргүл Сақтағанова Көкшетау қалалық № 10-шi мектептiң 8,9,11 сыныптағы оқушыларға сабақ өткiздi. Сабаққа 33 оқушы қатысты.

Мақалың шыққан күні: 18.05.2018 15:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2018 15:25
Қаралым саны: 4559
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';