Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

«Өлке Тарихи-Ел Тарихи» жылжымалы фото көрмесінің басталуы

2019 жылдың 27 мамырында архив саласында «Рухани жаңғыру» кiшi бағдарламасында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi ұйымдастырған Ақмола облысының «Өлке Тарихи-Ел Тарихи» архивтiк құжаттарының жылжымалы фотосурет көрмесi ашылды. Көрменiң мақсаты жас ұрпақтың идеяларын өңiрдiң тарихында қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бiздiң халқымыздың рухани құндылықтарын бiлуге жастарды бағыттау болып табылады.

Тұсаукесердi мемлекеттiк архивтiң директоры Т. Ж. Какпенов, Көкшетау қаласының Құрметтi азаматы А. Х. Мурзин, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ш. Ш. Алиев, Красный Яр ауылдық округiнiң әкiмi Н. К. Айсин, Станционный кентiнiң әкiмi Т. Ардақ, сонымен қатар Көкшетау қаласының мекемелерi мен ұйымдарының қызметкерлерi құттықтау сөзбен ашты.

Аталған көрменi «Достар» МҮ Көкшетау техникалық институтының, әскери-техникалық мектебiнiң, № 5510 әскери бөлiмiнiң курсанттары, жоғары техникалық колледждiң, медициналық колледждiң, құрылыс-техникалық колледждiң, «Арна», «Бурабай» колледждерiнiң студенттерi, сондай-ақ балабақшалардың тәрбиешiлерi мен тәрбиеленушiлерi тамашалады. Көрмеге жалпы 620 адам қатысты.

Мақалың шыққан күні: 27.05.2019 17:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.05.2019 17:12
Қаралым саны: 3368
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';