Қалалық әкімшілікте өткізілген кеңес
2019 жылғы қараша айында өтiлетiн ТКШ — ның 100 жылдық мерейтойына арналған дайындық бойынша Көкшетау қаласының әкiмдiгiнде 2018 жылдың 02 тамыз айында ұйымдастыру комиссиясының отырысы өттi. Отырысқа ардагерлер, мекеме және ұйымдардың басшылары, ТКШ жүйесiне қатысты «Көкшетау жылу», «Су арнасы», «Қалалық су арнасы» және т.б., сондай — ақ, журналистер шақырылды.Отырысқа «Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi» КММ директорының мiндетiн атқарушы Г. К. Шамғанова қатысты. Қалалық архивiнiң алдында аталған iс — шараға көрме өткiзу және Көкшетау қаласының коммуналдық қызметтерiнiң тарихы жөнiнде мәлiметтердi iздестiру мiндеттерi қойлған. Көкшетау қаласының әкiмiнiң орынбасары И. И. Юрченконың төрағалығымен жиналыс жүргiзiлдi.
Мақалың шыққан күні: 03.08.2018 13:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.08.2018 13:22
Қаралым саны: 4286