Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Тұнғыш Президент: 25 табысты жыл

Пресс-релиз «Тұнғыш Президент: 25 табысты жыл»

2014 жылы ел Тәуелсiздiгi мерекесi қарсаңында Қазақстан Парламентi «1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi» мемлекеттiк мерекесiн белгiлеген барша халыққа белгiлi. Осы мерекеге орай, 30 қараша Краснояр қалалық кiтапханасында Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатымен бiрлесiп «Тұнғыш Президент: 25 табысты жыл» атты шара ұйымдастырылды. Шараға Красный Яр Ауыл әкiмдiгi, «Көкше» МҰ қызметкерлерi, Краснояр агротехникалық колледж студенттерi, № 1Краснояр орта мектеп мұғалiмдерi және жоғары сынып оқушылары, кiтапхана оқырмандары және қалалық мұрағат қызметкерлерi қатысты. Шара пердесiн Мейрамбек Мұқатайдың орындауындағы Шекербек Садыханұлының «Елбасы» атты өлеңiмен ашылды. Құттықтау сөз кезегi алған Аубов Базарбай Қабиденұлы Краснояр селолық округiнiң әкiмi ретiнде ауылдың осы уақытқа дейiн жеткен жетiстiктерiне тоқталып, өз атынан жерлестерiн мерекемен құттықтады. Көкшетау қаласы мемлекеттiк мұрағат директоры Какпенов Тасболат Жазитұлы Қазақстанның 25 жылда жеткен жетiстiктерiне тоқтала отырып, қонақтарды Тәуелсiздiктiң 25 жылдығымен құттықтады. «Көкшетау.Тәуелсiздiқ жылдары» атты деректi фотокөрме экспозициясын ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң жетекшiсi Мұңбаева Күлшат Социалқызы таныстырды. Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағат қызметкерлерiнiң күшiмен дайындалған Электронды кiтап — Хронографтың тұсаукесерiн көрермендер назарына ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң маманы Жұнiсов Марат Наурызбайұлы ұсынды. Қонақтар назарына кiтапхана қызметкерлерiнiң дайындаған «Тұнғыш Президент.Тәуелсiз Қазақстан» — видеролигi, «Мәңгiлiк Ел үшiн !» -ән –трекклип, « Тұнғыш Президент күнiне орай Елбасы жазған және Елбасы жайлы жазылған әдебиеттерге » слайд-шолу ұсынылды. Шара Дәмелқазы Жанатқызының орындауында «Қазақстан» әнiмен аяқталды.

     

Мақалың шыққан күні: 02.12.2016 09:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.12.2016 09:55
Қаралым саны: 4554
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';