Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві |
Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
2022 жылға арналған Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві» КММ жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі — архив) архивтің көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер енгізілген.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: мемлекеттік архивтер 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара)/қағаз нысанда көрсетіледі.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің саны 3663 құрады:
Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінде «e-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің бұрышы орнатылған.
Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік архив стендтерінен алуға болады. Мемлекеттік архивтердің сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінің қызметі туралы есептер архив сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша 4 іс – шара өткізілді:
1) семинар – кеңес және «дөңгелек үстел» – 3; 2) мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерінің БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сөз сөйлеуі – 0; 3) әлеуметтік желілерде: Instagram, Facebook, Вконтакте – 0; 4) теледидарда – 1.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) 2022 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті орындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
2022 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 1025 мемлекеттік қызметі көрсетілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2022 жылы Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінің 4 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде қағазбастылық пен бюрократизм фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкімет» порталын танымал ету үшін БАҚ, әлеуметтік желілер және т.б. арқылы халықты хабардар етуді жүргізу).
ТЕЛЕФОН': 8 (7162) 50-39-72 | |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ': arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz |