AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» онлайн тренингі

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында елiмiздегi оқу-ағарту жұмыстарына көп көңiл бөлiнедi, осыған байланысты Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi 2020 жылдың 20 қарашасында Zoom платформасында өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру негiздерi» онлайн-тренингiне қатысты.

Тренингтiң спикерлерi З.К.Батталова (қазақстандық саяси қайраткер), Ч.Лепсизбаев (құқық қорғаушы, Eurasian Expert Council сараптама кеңесiнiң басқарма төрағасы) және С.Тайтенова (Ақмола облысы әкiмiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша штаттан тыс кеңесшiсi) үш бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру тақырыбын ашты: интерактивтi карта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және жобаларды басқару.

Онлайн-тренингтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiм адамгершiлiк, зияткерлiк, мәдени даму және жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлықтан бас тарту, белсендi азаматтық позициясын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үздiксiз процесiне оң әсер етедi.

 

Мақалың шыққан күні: 23.11.2020 13:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.11.2020 13:27
Қаралым саны: 1933
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';