AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

2016 жылғы Ақмола облысының мемлекеттік архиві жұмысының ЕСЕБІ

Кiрiспе

Қазақстан Республикасы «Ұлттық архивтiк қоры және архивтер туралы» заңын басшылыққа ала отырып, және оған енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып, 2016 жыл бойы облыстық архивтiң жұмысын одан әрi жетiлдiруге ерекше мән берiлдi.

2016 жылы әзiрленген жоспар бойынша 10 аппарат оқуы өткiзiлдi:

-Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң 2015 жылғы жұмыс қорытындысы және келесi жылға мiндеттер;

-«Елбасының Қазақстан халқына жолдауы, негiзгi бағыттары»;

-«2015 жылғы үлгi ережесiне сәйкес iстер номенклатурасын құру»;

-«Микропленкаға цифрлық мәлiметтердi жазу және микропленканы айқындау»;

-«Пайдаланушылар сұраныстарын пайдалану тәртiбi»;

-«Жалақыны есептеу туралы»;

-«Архив құжаттарын есепке алу тәртiбi»;

-«Iстердi орналастыру және сақтау тәртiбi»;

-«Бұйрықтарды дайындау және ресiмдеу тәртiбi»;

-«Анықтама мен хаттарды дайындау ережесi».

Сараптау комиссияның 17 мәжiлiсi, сондай-ақ ҚР 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 2340 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңын орындауға орай жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша кешендi шаралар өткiзiлдi.

Аса құнды құжаттармен жұмыс бойынша әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлеу жөнiнде жұмыс жүргiзiлiп, Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК 2016 жылғы 26 тамызда № 15 хаттамасымен келiсiлдi, сондай-ақ «Ақмола облысының ұйымдары мен мекемелерiнiң тарихы» 2-шi бөлiм кiтапшасы және «Ақмола облысының бiрiншi басшылары» биографиялық анықтамалығы дайындалды.

Қызметкерлерге техника қауiпсiздiгi бойынша жыл сайынғы нұсқау жүргiзiлдi.

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету

2017 жылдың 01 қаңтарына Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде 1386 қор, 441522 сақтау бiрлiгi есептеледi, соның iшiнде:

-тұрақты сақтаудағы басқарма құжаттары 400347 сақтау бiрлiгi;

-ұзақ уақыттағы және уақытша сақтаудағы 3518 сақтау бiрлiгi;

-жеке құрам бойынша 25452 сақтау бiрлiгi;

-жеке шығу тегi бойынша 2120 сақтау бiрлiгi;

-ғылыми-техникалық құжаттар 869 сақтау бiрлiгi;

-фотоқұжаттар 8529 сақтау бiрлiгi;

-үнқұжаттары 149 сақтау бiрлiгi;

-киноқұжаттар 466 сақтау бiрлiгi;

-бейнеқұжаттар 72 сақтау бiрлiгi.

2016 жылғы құжаттарды мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету үшiн 450 сақтау бiрлiгiнiң күйi жақсартылды, соның iшiнде 290 сақтау бiрлiгiнiң 408 парағы қалпына келтiрiлдi, бұл № 33 «Атбасар уездiк халық ағарту бөлiмi», № 1239 «Ақмола-Авиа» АҚ қорлары, көлемi 13963 парақтан құралған, 160 сақтау бiрлiгi тiгiлдi (Қор №№ 33, 1239).

 Жоспар бойынша 1200 сақтау бiрлiгiнiң орнына 6843 сақтау бiрлiгi мұқабаланды, бұл қорлар: №  1421, 1508, 1544, 1610, 1611 және басқа да қорлар (Қосымша № 1).

 «Атбасар уездiк кеңес жұмысшы-шаруа милициясы» № 37 қорының өшiп бара жатқан 25 парақ  мәтiнi қалпына келтiрiлдi.

 № 115, 189, 131, 175, 176, 178, 222 қорлары бойынша аса құнды iстердiң 25 сақтау бiрлiгi  анықталды және оған ҒАА құрылды. Анықталған аса құнды iстер тiзiмделдi.

 20051 сақтау бiрлiгiнiң күйi мен барына тексерiс өткiзiлдi:

 - № 1451, 1479, 1482, 1483, 1484, 1485, 1486, 1507, 1525 және басқа да қорлар. (Қосымша № 2)

 Iстердiң түгендеу тексерiсiн өткiзу нәтижесiнде «Көкшетау облыстық аптекалық басқарма» № 1458  қорының есептiк құжаттарында техникалық қателiктер туралы актiсi (05.02.2016 № 1 актi)  құрастырылды, қалдық 2 сақтау бiрлiгiне көбейдi; «Көкшетау облысының таратылған балалар үйi  коллекциясы» № 1514 қорында қалдық 2 сақтау бiрлiгiне көбейдi (10.06.2016 № 1 актi); «Еңбек»,  «Қайрат», «Спартак» облыстық ерiктi спорт қоғамдар кеңесiнiң құжаттар топтамасы» № 1492 қорында қалдық 2 сақтау бiрлiгiне көбейдi (23.11.2016 № 1 актi); «Астық» мемлекеттiк акционерлiк компанияның «Көкшетау астық өнiмдерi» аумақтық акционерлiк компания № 1504 қорында қалдық 2 сақтау бiрлiгiне көбейдi (12.12.2016 № 1 актi). Тексерiс нәтижесi бойынша техникалық қателiктер актiсiне сәйкес есептiк құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi. Жалпы қалдық 8 сақтау бiрлiгiне көбейдi.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнен берiлген № 1451, 1479, 1482, 1483, 1484, 1485, 1486, 1507, 1525 қорлардың iстерiн қайта шифрлау бойынша жұмыс жалғасуда. Жалпы қайта шифрланғаны — 20051 сақтау бiрлiгi. (Қосымша № 2)

Мемлекеттiк сақтауға алынған: — қайта құрылуына байланысты:

№ 1544 қ. «Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ  — тұрақты сақтаудағы 350 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 102 сақтау бiрлiгi;

№ 1610 қ. «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы» ММ — тұрақты сақтаудағы 17 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 5 сақтау бiрлiгi;

№ 1586 қ. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет- құрылыс бақылау басқармасы» ММ  — тұрақты сақтаудағы 7 сақтау бiрлiгi ;

№ 1611 қ. «ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi балық шаруашылық комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ — тұрақты сақтаудағы 60 сақтау бiрлiгi және жеке құрам бойынша 48 сақтау бiрлiгi;

№ 1561 қ. «ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi орман және аңшылық шаруашылығы комитетi Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылық аумақтық инспекциясы» РММ  — тұрақты сақтаудағы 118 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 31 сақтау бiрлiгi;

№ 1612 қ. «Ақмола облыстық коммуналдық меншiктi басқармасы» — тұрақты сақтаудағы 32 сақтау бiрлiгi;

№ 1558 қ. «Ақмола облыстық психоневрологиялық диспансерi» КММ — тұрақты сақтаудағы 138 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 71 сақтау бiрлiгi;

№ 1594 қ. «ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi» ММ — тұрақты сақтаудағы 90 сақтау бiрлiгi;

№ 1627 қ. «Сарыарқа» ҚР Қаржы министрiлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Өңiраралық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ — тұрақты сақтаудағы 209 сақтау бiрлiгi;

№ 1628 қ. «Ақмола облыстық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК — тұрақты сақтаудағы 5 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 3 сақтау бiрлiгi;

№ 1629 қ. «Орталық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалы — тұрақты сақтаудағы 5 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 5 сақтау бiрлiгi;

№ 1293 қ. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Экологиялық реттеу және бақылау комитетi «Есiл экология департаментi» ММ Ақмола филиалы — тұрақты сақтаудағы 119 сақтау бiрлiгi;

№ 1636 «Ақмола облысы бойынша көлiк бақылау комитетiнiң басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 123 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 28 сақтау бiрлiгi;

№ 1637 қ. «Көкшетау қаласындағы Ақмола, Қостанай және Солтүстiк-Қазақстан облыстары бойынша «Солтүстiк» өңiраралық көлiк бақылау инспекциясы» ММ — тұрақты сақтаудағы 92 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 49 сақтау бiрлiгi.

Жалпы қабылданды: тұрақты сақтаудағы 1365 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 342 сақтау бiрлiгi.

- ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталуына байланысты:

№ 1553 қ. «Көкшетау» Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» РММ  — тұрақты сақтаудағы 135 сақтау бiрлiгi;

№ 1025 қ. «Ақмола облыстық соты» ММ — тұрақты сақтаудағы 120 сақтау бiрлiгi;

№ 1421 қ. «Қазакстан Халық банкi» АҚ Ақмола облысының филиалы — тұрақты сақтаудағы 158 сақтау бiрлiгi;

№ 1508 қ. «Ақмола облысының ауыл шаруашылық дақылдарын сорт сынау бойынша инспектурасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 315 сақтау бiрлiгi;

№ 253 қ. «ҚР Ұлттық банкi» РММ Ақмола филиалы» — тұрақты сақтаудағы 13 сақтау бiрлiгi;

№ 1290 қ. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» — тұрақты сақтаудағы 313 сақтау бiрлiгi;

№ 378 қ. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 119 сақтау бiрлiгi;

№ 1496 қ. «Ақмола облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК — тұрақты сақтаудағы 45 сақтау бiрлiгi;

№ 1613 қ. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлiк қоғамының Ақмола филиалы — тұрақты сақтаудағы 46 сақтау бiрлiгi;

№ 647 қ. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментi» ММ — тұрақты сақтаудағы 49 сақтау бiрлiгi;

№ 939 қ. «Ақмола облысының прокуратурасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 290 сақтау бiрлiгi;

№ 913 қ. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 33 сақтау бiрлiгi;

№ 1046 қ. «Ақмола облысының әдiлет департаментi» ММ — тұрақты сақтаудағы 132 сақтау бiрлiгi;

№ 1615 қ. «Ақмола облысы бойынша статистика жөнiндегi есептеу орталығы» ЕМК — тұрақты сақтаудағы 43 сақтау бiрлiгi;

№ 1055 қ. «Ақмола облыстық халық шығармашылығы және мәдени бос уақыт орталығы» — тұрақты сақтаудағы 70 сақтау бiрлiгi;

№ 1616 қ. «Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау испекциясы» ММ — тұрақты сақтаудағы 1391 сақтау бiрлiгi;

№ 1617 қ. «Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 151 сақтау бiрлiгi;

№ 1618 қ. «Ақмола облысы бойынша жер қатынасы басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 56 сақтау бiрлiгi;

№ 1619 қ. «Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментi» — тұрақты сақтауда 471 сақтау бiрлiгi;

№ 1620 қ. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 43 сақтау бiрлiгi;

№ 1621 қ. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ММ — тұрақты сақтаудағы 361 сақтау бiрлiгi;

№ 1622 қ. «Облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК — тұрақты сақтаудағы 81 сақтау бiрлiгi;

№ 1510 қ. «Сараптау және сертификациялау ұлттық орталығы» АҚ Ақмола филиалы — тұрақты сақтаудағы 46 сақтау бiрлiгi;

№ 1623 қ. «Ақмола облысы бойынша халықты бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментi» ММ — тұрақты сақтаудағы 89 сақтау бiрлiгi;

№ 1523 қ. «Ақмола облыстық драма театры» МКҚК — тұрақты сақтаудағы 76 сақтау бiрлiгi;

№ 1624 қ. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi орталық» ММ — тұрақты сақтаудағы 135 сақтау бiрлiгi;

№ 563 қ. «Ақмола облысының ауыл шаруашылық басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 125 сақтау бiрлiгi;

№ 622 қ. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 391 сақтау бiрлiгi;

№ 1630 қ. «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалы — тұрақты сақтаудағы 6 сақтау бiрлiгi;

№ 554 қ. «Қазақстан Республикасы статистика жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысының статистика басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 837 сақтау бiрлiгi;

№ 258 қ. «Ақмола облысының мемлекеттiк архивi» — тұрақты сақтаудағы 101 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 57 сақтау бiрлiгi;

№ 1631 қ. «Мемлекеттiк қызметкерлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы» МКҚК — тұрақты сақтаудағы 14 сақтау бiрлiгi;

№ 1060 қ. «Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы Ақмола облыстық филармония» МКҚК — тұрақты сақтаудағы 34 сақтау бiрлiгi.

Жалпы қабылданды: тұрақты сақтаудағы 6344 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 57 сақтау бiрлiгi.

Жабылуына байланысты:

№ 493 қ. «Облыстық кәсiподақ кеңесiнiң Целиноград облыстық кино бойынша кеңесi» — жеке құрам бойынша 13 сақтау бiрлiгi;

№ 653 қ. «Ақмола облыстық кәсiподақ кеңесi» — жеке құрам бойынша 20 сақтау бiрлiгi;

№ 820 қ. «Целиноград облыстық мемлекеттiк сауда қызметкерлерi және тұтынушылар кооперациясы кәсiподағының комитетi» — жеке құрам бойынша 23 сақтау бiрлiгi;

№ 1050 қ. «Целиноград облыстық ғылыми және инженерлiк қоғамы одағының басқармасы» — жеке құрам бойынша 42 сақтау бiрлiгi;

№ 486 қ. «Целиноград облыстық көкенiс-жемiс және дайындау шаруашылығы қызметкерлерiнiң кәсiподағы» — жеке құрам бойынша 3 сақтау бiрлiгi;

№ 821 қ. «Целиноград облыстық мәдениет қызметкерлерiнiң кәсiподақ комитетi» — жеке құрам бойынша 2 сақтау бiрлiгi;

№ 656 қ. «Целиноград облыстық агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң кәсiподақ комитетi» — жеке құрам бойынша 1 сақтау бiрлiгi;

№ 1635 қ. «Көкшетау облыстық көркемөнер шығармашылық одақаралық үйi» — жеке құрам бойынша 20 сақтау бiрлiгi.

Жалпы жеке құрам бойынша 124 сақтау бiрлiгi қабылданды.

Жойылуына байланысты:

№ 1512 қ. «Көкшетау облыстық ветеринарлық зертханасы» — тұрақты сақтаудағы 42 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 12 сақтау бiрлiгi;

№ 1531 қ. «Жер ресурстарын басқару комитетiнiң Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ — тұрақты сақтаудағы 57 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 82 сақтау бiрлiгi;

№ 1592 қ. «Қазақ темiржолдың Көкшетау бөлiмшесi» — тұрақты сақтаудағы 4 сақтау бiрлiгi;

№ 1632 қ. «Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстер жөнiндегi комитеттiң Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментi» ММ — тұрақты сақтаудағы 131 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 54 сақтау бiрлiгi;

№ 1634 қ. «ҚР Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облыстық жер ресурстарының аумақтық басқармасы» ММ — тұрақты сақтаудағы 24 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 211 сақтау бiрлiгi.

Жалпы қабылданды: тұрақты сақтаудағы 258 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 375 сақтау бiрлiгi.

Соғыс тарихын зерттеушiсi Д. Игсатовадан Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттарды алуға байланысты «Ақмола облысы тарихы бойынша құжаттар топтамасы» № 1115 қорына 1 сақтау бiрлiгi қабылданды.

Сайлау науқаны аяқталуына байланысты «Ақмола облыстық сайлау комиссиясы» № 1320 қорының құжаттары — тұрақты сақтаудағы 29 сақтау бiрлiгi.

Барлығы: 8895 сақтау бiрлiгi қабылданды, соның iшiнде тұрақты сақтаудағы 7997 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 898 сақтау бiрлiгi.

Облыстық мемлекеттiк архивiнiң жеке шығу тегi бойынша қоры 4 қормен толықты:

- № 1614 қ. «Абуова Латипа Негметовна — еңбек ардагерi» — 26 сақтау бiрлiгi, 73 құжат;

- № 1625 қ. «Өтепбергенов Дәкен Қалиұлы — алғашқы тың игерушi, еңбек ардагерi, тыл еңбеккерi» — 25 сақтау бiрлiгi, 36 құжат;

- № 1626 қ. «Матросов Геннадий Николаевич — комсомолдық, партиялық, кеңес жұмыскерi, қоғамдық саяси қайраткер» — 51 сақтау бiрлiгi, 125 құжат;

- № 1633 қ. «Аловягин Владимир Иосифович — жоғары санатты офтальмолог дәрiгерi, Қазақ КСР еңбегi сiңген дәрiгерi, денсаулық сақтау үздiгi, ҚР дербес зейнеткерi, еңбек ардагерi» — 25 сақтау бiрлiгi, 50 құжат.

Жалпы қабылданды — 127 сақтау бiрлiгi, 284 құжат.

Мемлекеттiк сақтауға 11 сақтау бiрлiгi, 4 сақтау есебi бейнеқұжат; 105 сақтау бiрлiгi фотоқұжат қабылданды.

Сондай-ақ уақытша сақтау мерзiмдегi құжаттар, жалпы 465 сақтау бiрлiгi қабылданды:

- № 1544 қ. «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» — уақытша сақтау мерзiмдегi 184 сақтау бiрлiгi;

- № 1611 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi балық шаруашылық комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ — уақытша сақтау мерзiмдегi 263 сақтау бiрлiгi;

- № 1320 қ. «Ақмола облыстық сайлау комиссиясы» — уақытша сақтау мерзiмдегi 18 сақтау бiрлiгi.

Жаңа 28 қор құрылды № № 1610 — 1637 дейiн:

1) № 1610 қ. «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы» ММ;

2) № 1611 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi балық шаруашылық комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ;

3) № 1612 қ. «Ақмола облыстық коммуналдық меншiктi басқармасы»;

4) № 1613 қ. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлiк қоғамының Ақмола филиалы;

5) № 1614 қ. «Абуова Латипа Негметовна — еңбек ардагерi, кiтапханашы»;

6) № 1615 «Ақмола облысы бойынша статистика жөнiндегi есептеу орталығы» ЕМК;

7) № 1616 қ. «Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау испекциясы» ММ;

8) № 1617 қ. «Ақмола облысының iшкi саяси басқармасы» ММ;

9) № 1618 қ. «Ақмола облысы бойынша жер қатынасы басқармасы» ММ;

10) № 1619 қ. «Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментi»;

11) № 1620 қ. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы»;

12) № 1621 қ. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ММ;

13) № 1622 қ. «Облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК;

14) № 1623 қ. «Ақмола облысы бойынша халықты бақылау және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi департамент» ММ;

15) № 1624 қ. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi орталық» ММ;

16) № 1625 қ. «Өтепбергенов Дәкен Қалиұлы — алғашқы тың игерушi, еңбек ардагерi, тыл еңбеккерi»;

17) № 1626 қ. «Матросов Геннадий Николаевич — комсомолдық, партиялық, кеңес жұмыскерi, қоғамдық саяси қайраткер»;

18) № 1627 қ. «Сарыарқа» ҚР Қаржы министрiлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Өңiраралық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ;

19) № 1628 қ. «Ақмола облыстық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК;

20) № 1629 қ. «Орталық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалы;

21) № 1630 қ. «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалы;

22) № 1631 қ. «Мемлекеттiк қызметкерлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы» МКҚК;

23) № 1632 қ. «Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстер жөнiндегi комитеттiң Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментi» ММ;

24) № 1633 қ. «Аловягин Владимир Иосифович — жоғары санатты офтальмолог дәрiгерi, Қазақ КСР еңбегi сiңген дәрiгерi, денсаулық сақтау үздiгi, ҚР дербес зейнеткерi, еңбек ардагерi»;

25) № 1634 қ. «ҚР жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облыстық жер ресурстарының аумақтық басқармасы» ММ;

26) № 1635 қ. «Көкшетау облыстық көркемөнер шығармашылық одақаралық үйi»;

27) № 1636 «Ақмола облысы бойынша көлiк бақылау комитетiнiң басқармасы» ММ;

28) № 1637 қ. «Көкшетау қаласындағы Ақмола, Қостанай және Солтүстiк-Қазақстан облыстары бойынша «Солтүстiк» өңiраралық көлiк бақылау инспекциясы» ММ.

«Қазақстан Компартиясының Целиноград аудандық комитетi» № П-25 қорының тiзiмдемелерiн қайта өндеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда, 1019 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi, қалдық 14 сақтау бiрлiгiне кемiдi.

Бастаушы партиялық ұйымдардың топтамасы № П-180 қ. «Астрахан ауданының кәсiпорындар мен мекемелердiң бастаушы партиялық ұйымдары құжаттарының архивтiк топтамасы» құрылды, қайта өңдеу нәтижесiнде қалдық 111 сақтау бiрлiгiне кемiдi, 15 қор бiрiктiрiлдi, 597 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi.

Жалпы 1616 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi.

Мемлекеттiк сақтаудағы 7 қорға уақытша сақтау мерзiмi бар құжаттардың құндылығына сараптама жұмысы жүргiзiлдi — 345 сақтау бiрлiгi. Олар:

-«Уранликвидрудник» РМК — 14 сақтау бiрлiгi;

- «Наурыз Банк Казахстан» акционерлiк қоғамының (АҚ) Қостанай бөлiмшесiнiң жабылу комиссиясы — 2 сақтау бiрлiгi;

-«Наурыз Банк Казахстан» акционерлiк қоғамының (АҚ) Ақмола бөлiмшесiнiң жабылу комиссиясы — 18 сақтау бiрлiгi;

-«Эко Полис сақтандыру компаниясы» АҚ Ақмола филиалы  — 38 сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысының жұмылдыруға дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөнiндегi басқарма» ММ — 45 сақтау бiрлiгi.

-«Ақмола облысы бойынша көшi-қон департаментi» ММ — 44 сақтау бiрлiгi.

-«Балалар құқығын қорғау департаментi» ММ — 27 сақтау бiрлiгi;

-«ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ — 157 сақтау бiрлiгi.

«Архивтiк қор» бағдарламасына № 1336 — № 1524 қорларды енгiзу жұмысы жалғасуда, 189 қор енгiзiлдi.

Төмендегi қорлар құжаттарының құпиялығы ашылды: № 270 «Целиноград атқару комитетi жанындағы баспасөз және өзге бұқаралық ақпараттық құралдарындағы мемлекеттiк құпияны қорғау жөнiндегi басқармасы», № 1154 «Ленинск және Кеңестiк аудандық атқару комитетi», № 1423 «Көкшетау облысы әкiмi жанындағы статистика және талдау жөнiндегi басқарма», № 1119 «БАҒЗИ Қазақ филиалы», № 1025 «Цилиноград облыстық сот», № 1046 «Целиноград облыстық атқару комитетiнiң әдiлет бөлiмi» — саны 271 сақтау бiрлiгi.

Құпиялықты ашу нәтижесiнде есептiк құжаттарға тиiстi өзгертулер енгiзiлдi. Құпиялығы ашылған iстер акт бойынша жалпы сақтауға тапсырылды.

Құпиялығы ашылған қорлардың құжаттары: № 1154 «Лениндiк және Кеңестiк аудандық атқару комитетi» — 38 сақтау бiрлiгi, № 1119 «БАҒЗИ Қазақ филиалы» — 15 сақтау бiрлiгi, осы қорлардың құжаттары орналасқан Астана қаласының мемлекеттiк архивiне тапсырылады.

2016 жылғы 05 қазанда құжаттар сақталуын ұйымдастыру бойынша брифинг өткiзiлдi.

Ағымдағы жылдың төртiншi тоқсанында Ақмола облысының Қазақстан халықтар Ассамблеясының тарихы бойынша фотоқұжаттар құндылығына сараптама жүргiзiлдi. Өңделген құжаттарға 1988, 1997, 1999, 2005-2010 жылдардың саны 27 сақтау бiрлiгiне № 2 тiзiмдеме құрылды.

Excel электронды форматында тiзiмдердi құрастыру жұмысы аяқталды — 414660 сақтау бiрлiгi;

Архив қызметкерлерiне архив қоймаларынан 7050 сақтау бiрлiгi берiлдi.

Өлшеу-бақылау аспаптарының көмегiмен температуралық–ылғалдылық режимiне жұмасына екi рет бақылау жүргiзiледi, көрсеткiштер температура — ылғалдылық режимiн тiркеу журналында белгiленедi.

Ай сайын архив қоймаларына дезинфекциялық және дезинсекциялық тазалау өткiзiледi.

2.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыру, ведомстволық архивтердiң ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылығы және мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру

2016 жыл бойы ведомстволық архивтердi бақылау бөлiмiнiң жұмысы облыстық мекемелерде құжаттау және құжаттандыруды басқару үрдiсiн жақсартуға арналды.

Басқарманың СТӘК отырысында жоспар бойынша 1 iстер номенклатурасының орнына 3 iс дайындалып, келiсiлдi:

1.«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» ММ;

2. ҚР Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушыларды қорғау комитетiнiң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалы;

3.«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы «Жылжымайтын мүлiк орталығы» департаментi

 Басқарманың СТӘК отырысында жоспар бойынша 2 iстер номенклатурасының орнына 30 iс жетiлдiрiлiп, келiсiлдi:

 1. «Қазақстан Ұлттық банкi» АҚ Ақмола облыстық филиалы;

 2. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

 3. Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Әдебиет және өнер музейi» КММ;

 4. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» ММ;

 5. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» ММ;

 6.«Ақмола облысының дiн iстерi бойынша басқармасы» ММ;

7.«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ;

8.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ақмола облыстық «ЖИТС» -пен күрес және алдын-алу орталығы» ММ;

9. «ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

10.«ҚР IIМ төтенше жағдайлар бойынша комитетiнiң Көкшетау техникалық институты» КММ;

11.«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемi аумақтық инспекциясы» ММ;

12. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

13. «Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ;

14. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы периноталды орталық» ШЖҚ МКК;

15. Ақмола облысының бiлiм басқармасының «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi» КММ;

16. ҚР энергетика министрлiгiнiң «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы;

17. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ;

18. «Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп комитетiнiң басқармасы» ММ;

19. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ;

20. «ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ;

21.«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ;

22.«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ;

23.«Сот медицина орталығы» РМКК;

24.«Ақмола облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментi» РММ;

25.«Ақмола облысы бойынша қазыналық департаментi» РММ;

26.«Ақмола-Тiршiлiк» ЖШС;

27.«Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы» ММ;

28.Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық филармония» МКҚК;

 29.«Ақмола облысының тiлдердi дамыту басқармасы» ММ;

 30. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық  емес акционерлiк қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы «Жылжымайтын  мүлiк орталығы» департаментi.

 Облыстың мекемелерi мен ұйымдарының 27 iс номенклатурасы қосымша  дайындалып, келiсiлдi.

 СТӘК отырысында жоспар бойынша 5 ведомстволық архив ережесi мен сараптау  комиссиясы туралы ереженiң орнына 21 ереже мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде  дайындалып, келiсiлдi.

 1. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

2. «Ақмола облысының дiн iстерi бойынша басқармасы» ММ;

3. «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

4. «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы АҚ;

5. «Ақмола облысының мемлекеттiк кiрiстер департаментi» ММ;

6. «ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ;

7. «ҚР IIМ төтенше жағдайлар бойынша комитетiнiң Көкшетау техникалық институты» КММ;

8. «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемi аумақтық инспекциясы» ММ;

9. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

10. «Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ;

11. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ;

12. Ақмола облысының бiлiм басқармасының «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi» КММ;

13. ҚР энергетика министрлiгiнiң «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы;

14. ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Тұтынушыларды қорғау комитетiнiң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалы;

15. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ;

16. «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы Магистралдi желiнiң Ақмола бөлiмшесi;

17. «ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнiндегi комитеттiң Ақмола облысы бойынша басқармасы» ММ;

18. «Сот медицинасының орталығы» РМКК;

19. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ;

20. «Ақмола облысының тiлдердi дамыту басқармасы» ММ;

21. «Ақмола облысының қазыналық департаментi» РММ.

Бөлiм ведомстволық архив туралы ереженi және сараптау комиссиясы туралы ереженi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындады және келiстi, барлығы — 2.

Басқарманың СТӘК отырысында жоспар бойынша 2 iс жүргiзу ережесiнiң орнына мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде 7 ереже келiсiлдi:

1.«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

2.«ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

3.«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемi аумақтық инспекциясы» ММ;

4.«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

5.ҚР ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетiнiң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы;

6.«ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ;

7.«Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

Бөлiм 16 iс жүргiзу ережесiн мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындады және келiстi.

Сондай-ақ сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлiнген актiсi дайындалып, басқарманың СТӘК отырысында бекiтiлдi — 16.

Бөлiммен 4 семинар өткiзiлдi:

1.Денсаулық сақтау және БАҚ аясында «Жаңа үлгiлiк тiзбеге сай iстер номенклатурасын құру» тақырыбы бойынша семинар өткiзiлдi, оған 27 адам қатысты.

2.Бөлiм басшысы Ақмола облыстық сотында «Жеке құрам және тұрақты сақталатын құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және тiзiмдердi СТӘК отырысына тапсыру» тақырыбында жоспардан тыс семинар-кеңес өткiздi.

3.2016 жылғы 26 шiлдеде «2014 жылғы мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларының ерекшелiгi және 2015 жылғы тiзбе» тақырыбына семинар көлiк, әлеуметтiк қорғау және сәулет, әдiлет, прокуратура, қаржыландыру аясында «Өрлеу» Бiлiктiлiктi арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Ақмола облысы бойынша бiлiм беру педагогикалық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институтында» мемлекеттiк тiлде өткiзiлдi, жауапты архивист М.Б. Тулеубаева.

2016 жылғы 26 шiлдеде «2014 жылғы мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларының ерекшелiгi және 2015 жылғы тiзбе» тақырыбына семинар көлiк, әлеуметтiк қорғау және сәулет, әдiлет, прокуратура, қаржыландыру аясында «Өрлеу» Бiлiктiлiктi арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Ақмола облысы бойынша бiлiм беру педагогикалық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институтында» орыс тiлiнде өткiзiлдi, жауапты А.А. Тасмаганбетова.

4.«Iстердi қалыптастыру және ресiмдеу тәртiбi, құжаттарды шұғыл сақтауға және ҰАҚ құжаттарын тұрақты сақтауға мемлекеттiк архивке тапсыру» тақырыбына семинар, жауапты А.А. Тасмаганбетова.

2016 жылғы 26 шiлдеде жоғарыда аталған семинарлар бойынша бөлiммен телесюжет өткiзiлдi.

Құжаттарды паспорттау бойынша жұмыс аяқталды, жинақтау көзi болып табылатын жиынтық паспорт құрылды.

Жоспар бойынша 10 бейнеқұжаттың орнына СТӘК отырысына 11 сақтау бiрлiгiндегi бейнеқұжат дайындалып, келiсiлдi.

Жоспар бойынша 25 фотоқұжат орнына 105 сақтау бiрлiгiндегi фотоқұжаттар СТӘК отырысына тапсырылды.

Жеке шығу тегi бойынша 4 тiзбе дайындалып, СТӘК отырысында бекiтiлдi:

1.«Абуова Латипа Негметовна — еңбек ардагерi», саны 26 сақтау бiрлiгi, 73 құжат;

2.«Өтепбергенов Дәкен Қалиұлы — алғашқы тың игерушi, еңбек ардагерi, тыл еңбеккерi» — 25 сақтау бiрлiгi, 36 құжат;

3.«Матросов Геннадий Николаевич — комсомолдық, партиялық, кеңес қызметкерi, қоғам, саяси қайраткерi» — 51 сақтау бiрлiгi, 125 құжат;

4. «Аловягин Владимир Иосифович — жоғары санатты офтальмолог дәрiгерi, Қазақ КСР еңбегi сiңген дәрiгерi, денсаулық сақтау үздiгi, ҚР дербес зейнеткерi, еңбек ардагерi» — 25 сақтау бiрлiгi, 50 құжат.

Жоспар бойынша 50 сақтау бiрлiгiнiң орнына жалпы 127 сақтау бiрлiгi, 284 құжат.

Бөлiм халықаралық архив күнiне орай дайындық жұмыстарын жүргiздi,

«Үздiк архивист» байқауының дайындығына атсалысты. «Қазақ тiлi — Қазақстанның болашағы» байқауында қатысты.

СТӘК сарапшысы ретiнде жұмыс жүргiзiлдi, сарапшы ретiнде жалпы 95 құжат тексердi.

Сонымен қатар құжаттарды мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлiмiне көмек көрсетiлiп, EXELL бағдарламасына 35 мың тiзбе енгiзiлдi.

Бөлiм басшысы сондай-ақ құпия құжаттармен де жұмыс жүргiзуде.

3. Ақпараттық-iздеу жүйесiн құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану

2016 жылы ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiмен келесi жұмыстар орындалды.

5 көрме өткiзiлдi.

Ғарыштың игерiлуiне 55-жылдығына арналған «Дала айлағы» виртуалды көрмесi (1) дайындалып, облыстық мемлекеттiк архив сайтына орналастырылды. Экспозициялық жоспарға бiздiң өңiрiмiзге келген космонавтардың архивтiк фотолары, Юрий Гагариннiң Тың өлкесiнiң еңбекшiлерiне жолдаған жеделхаты, құжаттар, газет басылымдары енгiзiлдi.

Ұлы Отан соғысының Жеңiсiне дәстүрлi түрде архивтiк көрме (2) жасалынды. «Майданда да, тылда да…» жаңа экспозициясы аймақтағы тұрғындардың жеңiске қосқан үлесi туралы баяндайды. Экспозициялық жоспарға 54 экспонат, оның iшiнде зерттеу жұмыстары кезiнде анықталған жаңа құжаттар да бар. Көрменi дайындау барысында облыстық мемлекеттiк архив қоры соғыс жылдары Ақмола облысына көшiрiлген Макинск поршень сақиналар зауытының тарихы туралы Бұланды ауданының өлкетанушыларымен жинақталған фотосуреттермен, азаматтардың жеке архивтерiнен фотосуреттермен толықты. Жеңiстiң 70-жылдығына арналған архивистер дайындаған «Соғыс. Жеңiс. Естелiк» құжаттар жиынтығы алғашқы рет ұсынылды.

Халықаралық архивтер күнiне орай Ақмола облысының мемлекеттiк архивi «Өткен жылдар iзiмен» атты көшпелi көрме (3) дайындады. Экспозицияға аймақтың ең маңызды әрi қызыққа толы оқиғалары, тарихи деректерi көрсетiлген құжаттар енгiзiлдi. Құжаттар ақпараттық, олардың мәдени және ғылыми құндылығы толыққан тұрғысынан iрiктелдi. Көрмеге 47 экспонат қойылды. Көрме 10 маусымда қазақ музыкалық-драма театрында қойылды.

Ұлы Отан соғысының Жеңiсiне 71-жылдығына арналған «Майданда да, тылда да…» көрменiң ашылуында. 05.05.2016

Қыркүйек айында педагогика еңбегiнiң ардагерi, Қазақ КСР ағарту министрi, ҚР Балалар қорының төрағасы — К.Б. Балахметовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Ұлы Шоқан iзiмен» архивтiк құжаттар көрмесi (4) дайындалды. Экспозицияға 44 экспонат енгiзiлдi, К.Б. Балахметовтың жеке шығу тегi қорының және т.б. қорлардың құжаттары ендi.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрме (5) дайындалды. Көрменiң мақсаты — бiр архив экспозициясы аясында облыстың архив құжаттары арқылы өңiрдiң негiзгi тарихи кезеңдерiн көрсету. Хронологиялық кезеңi 18 ғасырдан бүгiнгi күнге дейiн. Көрме 6 бөлiмнен тұрады: 1. Ақмола облысы төңкерiске дейiн. 2. 1918-1940 жылдар; 3. Ұлы Отан соғысы жылдары; 4. Тың және тыңайған жерлердi игеру (1954-1960 жылдар); 5. Өңiр 60-80 жылдары; 6. Тәуелсiздiк жылдары. Көрмеге 300 жуық экспонат қойылды, олардың iшiнде қағаз түрiндегi құжаттар, фотоқұжаттар, карталар, кiтаптар.

Архив қызметкерлерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларының жариялану жұмысы жалғасты, 25 мақала дайындалды. «Известия национального центра археографии и источниковедения» №4/2015 журналында Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20-жылдығына орай «Қазақстан мұрағаттары» (автор Г.Салық) мақаласы (1) жарияланды. 2015ж.24.03. «Степной маяк» газетiнде 1921 жылғы большевиктерiне қарсы шаруалар көтерiлiсiнiң 95-жылдығына орай «Степной армагедон» (автор О.Полеткина) мақаласы (2); 2016ж.16.04. «Акмолинская правда» газетiнде құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану туралы облыстық мемлекеттiк архив жұмысы туралы баяндайтын «В архивах отражение эпохи» (автор Г.Салық) мақаласы (3) жарық көрдi. «Степной маяк» газетiнде төмендегi басылымдар жарияланды: кеңес, партия қызметкерi, соғыс жылдары Көкшетау райком партиясының 1-шi хатшысы Т.Қ. Қаңтарбаевтың 100-жылдығына арналған «Солдаты тыла» (05.04.2016) мақаласы (4), Ұлы Отан соғысында жерлестерiмiздiң қатысуы туралы баяндайтын «О днях боевых и трудовых» (19.04.2016) мақаласы (5), облыстық мемлекеттiк архивiнде «Майданда да, тылда да…» көрмесi туралы «Состоялось открытие выставки» (10.05.2016) жазбасы (6); 2016ж. 07.05. «Арқа ажары» газетiнде «Тыл тыным таппады» мақаласы (7) жарияланды, басылым авторы — Г.Салық. 2016ж.26.05. «Курс» газетiнде 20-жылдардағы ашаршылық туралы баяндайтын «Жизнь в Акмолинской губернии в 20-х годах прошлого века» (автор А.Шарипов) мақаласы (8) жарияланды. 2016ж.31.05. «Ақмолинская правда» газетiнде саяси қуғын құрбандарын еске алу күнiне орай 1936 жылы аймағымызға жiберiлген поляк диаспорасы туралы айтылатын «О чем говорят архивы» (автор Г.Узакпаева) мақаласы (9); «Акмолинская правда» газетiнде 30-шы жылдары қуғынға ұшыраған У. Жұмабаев туралы «Жизнь его — и стойкости, и верности пример» (автор Г.Салық) мақаласы (10) жарық көрдi. Педагогика қызметiнiң ардагерi, бұрынғы ҚазССР министрi К. Балахметовтың 90-жылдығына орай жеке қорындағы құжаттар туралы баяндайтын мақала (11) жарияланды. 2016ж. 09.06. «Акмолинская правда» газетiнде Халықаралық архивтер күнiне байланысты облыстық мемлекеттiк архив басшысынан алынған сұхбат (12 мақала), сол газетте 2016ж. 26.06 «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету және азаматтардың басқа да өтiнiштерiн қарау аясындағы «В тренде эффективность» сұраныстармен архив жұмысы туралы мақаласы (13), 2016ж.02.07. «О 106-й кавалерийской дивизии» мақаласы (14) басылды. 2016ж.05.07. «Степной маяк» газетiнде облыстың еңбегi сiңген әйелдерi туралы «В назидании вслед идущим» мақаласы (15) жарияланды. 2016ж.11.08 және 2016ж.28.08. «Курс» газетiнде А. Иманов көтерiлiсiнiң 100-жылдығына орай «История всегда с нами» (автор Г. Салық) және академик Госсеннiң 85-жылдығына «Ученый, гражданин и патриот» (автор А. Тасмаганбетова) мақалалары (16, 17) жарияланды. 2016 ж.28.08. «Степной маяк» газетiнде соғыс және еңбек ардагерi Б. Жумагалиев туралы «Выиграть в молодости — не проиграть в старости» мақала (18) жарық көрдi. «Архивы Казахстана» журналында «Редкие издания и книги о прошлом в архиве Акмолинской области» мақала (19) жарияланды. 2016 ж. 06.10. «Курс» газетiнде Ұлы Отан соғысы бойынша құжаттар туралы «Золотой фонд истории Акмолинской области» мақаласы (автор Г. Салық) жарық көрдi. 2016ж. 11.10. «Акмолинская правда» газетiнде М. Нурсеитов корреспондентiмен дайындалған облыстық мемлекеттiк архивте құжаттардың сақталуы жөнiнде брифинг пен «Ұлы Шоқан iзiмен» жаңа көрмесi жайлы «О Чапаеве, Сталине и 106-й кавалерийской дивизии» мақаласы (21) шықты. 2016ж. 13.10. «Степной маяк» газетiнде Ақмола көз ауруханасының тарихы туралы «Страницы лет перебирая» мақаласы жарияланды. «Курс» газетiнде облыстағы кооперативтер тарихы туралы «Как это было. Первые кооперативы» мақаласы шықты, автор — Г. Салық. 2016ж. 12.12. «Акмолинская правда» газетiнiң интернет нұсқасында «Там, где хранится история» (Г. Салық) (24) мақаласы, Тәуелсiздiктiң 25-жылдығына «Прикосновение к истории» (Г. Салық) (25) мақаласы шықты.

Телеарнада архив қызметiн насихаттайтын сюжеттер шықты. 06.05.2016 Жеңiстiң 71-жылдығына арналған архив көрмесi туралы сюжет (1); 13.05.2016 «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет туралы № 2 ХҚКО өткiзiлген семинар жайлы сюжет (2). Халықаралық архивтер күнiне арналған салтанатты шарада облыстық мемлекеттiк архив басшысы тiлшiге берген сұхбаты 13.06.2016 эфирге шықты (3 сюжет). Облыстық мемлекеттiк архив құжаттарын сақтау жөнiндегi брифинг және архив көрмесi туралы телесюжет (4) 2016ж. 06.10. шықты. Кеңес, партия қызметкерi — Қаңтарбаев Тәшкенбай Қаңтарбайұлының 110-жылдығына орай телесюжет (5) эфирге дайындалды.

6 экскурссия өткiзiлдi: «Майданда да, тылда да…» архивтiк көрмесi бойынша (1,2), «Өткен жылдар iзiмен» көшпелi көрме бойынша (3), «Ұлы Шоқан iзiмен» архив көрмесi бойынша (4), архив бойынша шолу көрме 2016ж. 08.06. (5), 2016ж.08.12 (6).

Облыс орталығының ұйымдарында 5 лекция-сабағы өткiзiлдi. Жеңiс күнi қарсаңында Красный Яр с. № 2 мектебiнде 8-10 сынып оқушыларына «Ақмола облысы Ұлы Отан соғысы жылдары» 4 лекция-сабағы өткiзiлдi. Сабақ барысында интерактивтi тақта қолданылды, 23 құжат, 33 слайд көрсетiлдi.

Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң архивисi Н.Кукушева «Ақмола облысы Ұлы Отан соғысы жылдары» сабағын өткiзуде. 27.04.2016

2016ж. 09.12. Ш.Уәлиханов университетiнiң филология факультетi «Кiтапхана iсi» мамандығы бойынша студенттерiнiң алдында «Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң кiтапхана қоры» лекциясы (5) оқылды.

Тәуелсiздiк 25-жылдығына және Көкшетау қаласында Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң ашылуына 10 жыл толуына орай 2016 жылдың 14 желтоқсанында Ашық есiк күнi өткiзiлдi. Оған экономика және менеджмент институтының студенттерi, әскери-техникалық мектептiң курсанттары, ведомстволардың мамандары қатысты. Келушiлер архив қорының мазмұнымен, жұмыстың негiзгi бағыттарымен танысты, жаңа технологиялар бойынша құжаттар архив қоймаларында сақталатыны жайлы бiлдi. Ұйымдардың ведомстволық архивтерiне жауапты мамандары үшiн құжаттарды техникалық өңдеу бойынша шеберлiк-класы көрсетiлдi.

«Архивтiк анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет сапасын арттыру мақсатында ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң қызметкерлерi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 4 семинар-кеңесiн өткiздi. Бұндай семинарлар 2016 жылдың 17 ақпанында № 1 ХҚКО-да, 2016 жылдың 25 сәуiрiнде № 2 ХҚКО-да, 2016 жылдың 27 қазанында № 1 ХҚКО-да, 2016 жылдың 21 қарашасында № 2 ХҚКО-да өткiзiлдi. Отырыстарда Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, электронды үкiмет порталы арқылы сұраныстар санын арттыру мүмкiндiктерi қарастырылды. «Облыс орталығының мемлекеттiк органдарында архив құжаттарының орналасуы жайлы естелiк» дайындалып, орталық қызметкерлерiне таратылды, өзара әрекеттесу өзектi мәселелерi қарастырылды. Семинарға облыстық мемлекеттiк архив және орталықтар басшылары қатысты.

90 жыл бұрын трахтоматоз ауруханасы ретiнде ашылған Көкшетау офтольмологиялық ауруханасының шығу тарихы туралы баяндалатын ақпараттық хат (1) Ақмола облыстық ауруханасына дайындалып, жiберiлдi.

2017-2018 жылдардың Атаулы және естелiк даталар күнтiзбелiгi, 2019-2020 жылдардың Атаулы және естелiк даталардың күнтiзбелiгi дайындалды.

Целиноград обкомпартияның номенклатурлы қызметкерлерiнiң жеке каталогын құру бойынша жұмыс жүргiзiлдi, 1066 карточка жасалынды.

2016 жылдың 20 желтоқсанына жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық және генеологиялық сипаттағы 1697 сұраныс орындалды. Олар: әлеуметтiк-құқықтық — 1534, соның iшiнде ХҚКО арқылы — 486, ЭҮП арқылы — 424 сұраныс, тақырыптық — 135, генеологиялық — 28.

Бұдан басқа, орталық мемлекеттiк органдардан, шетел мекемелерiнен, жергiлiктi орындаушы органдардан 946 сұраныс түстi.

Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы: қанағаттандырылған — 502, қанағаттандырылмаған — 234, бейiндi емес — 795.

Тақырыптық сипаттағы: қанағаттандырылған — 89, қанағаттандырылмаған — 30, бейiндi емес — 16.

Генеологиялық сипаттағы:

қанағаттандырылған — 10, қанағаттандырылмаған — 15, бейiндi емес — 3.

Орталық мемлекеттiк органдардың, шетел мекемелерiнiң, жергiлiктi орындаушы органдардың сұраныстары

қанағаттандырылған — 110

қанағаттандырылмаған — 106

Бейiндi емес — 730.

Оқу залында 58 зерттеушi жұмыс iстедi, 152 қатысу тiркелдi, 810 сақтау бiрлiгi берiлдi, 152 көшiрме жасалынды. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «1920-1997 жылдары Ақмола облысының бiлiм жүйесi», «20-жылдары әлеуметтiк-экономикалық жағдай», халықтардың қуғынға ұшырауы және оларды Солтүстiк Қазақстанға көшiру, «Кеңес үкiметiнiң қазақ ауылындағы экономикалық шаралары», «1921-1923 жылдардағы Солтүстiк Қазақстандағы ашаршылық», «Солтүстiк Қазақстанда тың игеру», елдi мекендер тарихы, генеологиялық, биографиялық және басқа да зерттеулер.

4.Ақпараттық технологиялар бөлiмi

Ақпараттық технологиялар бөлiмi 2016 жылы келесi жұмыстарды жүргiздi:

Құжаттарды сканерден өткiзу 708 сақтау бiрлiгiн құрады (89349 парақ);

Бағдарламалық қамсыздандырудың өзектi жаңартуларын орнату — 40;

Iстердi тiгу — 708 сақтау бiрлiгi — 89349 бет;

Қызметкерлер мен келушiлердiң сұранысы бойынша сканерден өткiзу және өңдеу — 2764 парақ;

«Еңбек ардагерi» ДҚ толықтыру — 720 тегi;

«Ақмола облысы архивiнiң тарихы» көрмесi үшiн құжаттарды зерттеу, сондай-ақ «Ақмола облысының ұйымдары мен мекемелерiнiң тарихы» жинағы үшiн құжаттарды зерттеу;

«Ақмола облысындағы ашаршылық (1921-1922)» мақаласы үшiн құжаттарды жинақтау — 35 парақ;

«Ақмола облысының бiрiншi басшылары» биографиялық жинағы шығаруға дайындалды.

Adobe Reader бағдарламасы арқылы бейненi doc және docx мәтiн форматына аудару — 200 парақ;

Excel MS бағдарламасындағы жұмыс бойынша қызметкерлерге кеңес өткiзiлдi;

Компьютерлердi жөндеу — 22 дана;

Көрме, кiтапты безендiру және әрлендiру — 10;

Құттықтау ашық хаттары — 73 парақ;

Үлдiрге жазу жалпы — 20 орама.

Excel MS тiзбелердi енгiзу — 17340 атау, архив қызметкерлерi басқан тұрақты сақтаудағы тiзiмдемелердi жинап, бiрiктiру жұмыстары жүргiзiлдi.

5.Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк архив қызметкерлерiн архив саласындағы жұмыс тәжiрибесi туралы, жұмыстың жаңа түрлерi мен әдiстерi туралы уақытылы ақпараттандыру жұмысы жалғасуда. Жаңа ережелер енгiзiлдi, үлгiлiк ереженi бiлу бойынша оқулар өткiзiлдi. Облыстық архивте iс қағаздарын жүргiзу Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2014 жылдың 22 желтоқсанында №144 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару үлгiлiк қағидасына сәйкес жүргiзiледi.

Бiлiктiлiгiн арттыру курстарында архив басшысы Г.Д. Салық, бас есепшi А.А. Нарымбаева, ведомстволық архивтердi бақылау жасау бөлiмiнiң архивисi М.Б. Тулеубаева оқыды.

2016 жылы негiзгi қызмет жөнiнде 46 бұйрық, жеке құрам бойынша — 87, демалыс беру туралы — 46 бұйрық, әкiмшiлiк-шаруашылық, жазаға тарту жөнiнде — 53 бұйрық дайындалды.

Мамандық бойынша еңбек өтiлiн есептеу бойынша комиссияның 15 отырысы өткiзiлдi, хаттамалары дайындалды.

Ай сайын аппарат оқулары өткiзiлдi. Жасалған жұмыстардың есебi әрдайым жүргiзiледi. Мемлекеттiк архив қызметкерлерiн және архив iсiнiң ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау сұрақтары бойынша аса мән берiледi.

Архив басшысы                                                                                   Г. Салық

Мақалың шыққан күні: 11.01.2017 10:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2017 10:52
Қаралым саны: 5345
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';