Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Наурыз

Наурыз мейрамы — ежелгi заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазiргi күнтiзбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннiң теңесуi кезiне келедi.Көне парсы тiлiнде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазiргi парсы тiлiнде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуiн белгiлеуi) бiлдiредi. 2010 жылдан бастап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күнi» қарарына сәйкес 21 наурыз — Халықаралық Наурыз күнi болып қабылданды.Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтiледi (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрiк халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретiнде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерiнде және Әзiрбайжанда, мемлекеттiк мереке ретiнде Тәжiкстанда және Қазақстанда — 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күнi аталып өтiледi.

         

Мақалың шыққан күні: 22.04.2016 12:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2016 11:23
Қаралым саны: 4358
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';