AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі іс -шаралар

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Рухани жаңғыру» және кiшi жобаны iске асыру бойынша «Өлке тарихы — ел тарихы» бағдарламасы шеңберiнде «Көкшетау — сүйiктi қалам!!!» тақырыбы бойынша қөрме дайындалды. Ол бiздiң Көкшетау қаласының тарихына арналған. Елiмiздiң түкпiр — түкпiрiнен жастар ҚР беделдi жоғарғы оқу орындарының бiрi — ҚР ТЖМ жүйесiнiң болашақ әскери қызметшiлерi оқуға түсуге келедi. Олар тарихы бай өлкеге, бiздiң жайлы әдемi қаламызға қызығушылық танытады. Кеше 24 сәуiр бiздiң көрмеге Көкшетау техникалық институтының 2 курс курсанттары келiп қарады. Сондай-ақ, оларға мемлекеттiк архив iшiнде экскурсия ұйымдастырылды.

Мақалың шыққан күні: 25.04.2018 12:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.04.2018 12:41
Қаралым саны: 3743
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';