AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Сыбайлас жемқорлық жөнінде семинар –қеңес

          2017 жылдың 31 наурызында «Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша ҚР Агенттігі Департаментімен бірігіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша семинар өткізілген болатын. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша ҚР Агенттігі Департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы Данияр Маратұлы Коконов   Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы» Қазақстан халқына өз Жолдауында халыққа деген мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруын айрықша көрсеткенін айтты, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және мемлекетік органдар қызметіне азаматтар сенімін артудың маңызды аспектісі болуға тиісті. Осы міндетті шешу үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының күштерін біріктіру қажет, олар ел халқының көмегімен осы әлеуметтік ауруды тоқтай алады. Бүгінгі күні Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін зор нормативтік-құқықтық база құрылған: «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» ҚР Заңы, «ҚР-ғы қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мен құқыққорғау қызметін одан әрі жетілдіру бойынша қосымша шаралар туралы» ел Президентінің Жарғысы, 2011-2015 жылдарға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша салалық бағдарламасы, «Сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» ҚР Заңы, ол қылмыстық жолмен табылған, мүлік тәркілеуін енгізген және т. б. Бұдан басқа, 2011-2013 жылдары ел Парла­менті сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған, 19 заңды қабылдаған, олардың арасында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңы, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін өткізу үшін бірыңғай құқықтық негізін құруына бағытталған. Қазақстандық мемлекет алдағы өткен сатыларында көпшілікке танылған нәтижелерге жеткен болатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету ісіндегі айқын оң үрдістер белгіленген, олардың күшеюі мен дамуы 2015-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын сәтті жүзеге асырудың кепілі болады. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күрес тек жазалау әдістерімен ғана жүргізілмеу тиісті, құқықтық тәрбиелеуді насихаттауына және жемқорлық әрекеттердің әртүрлі нысандар қабылдамауына бағытталған, халық арасындағы ақпараттық-тәрбие жұмыс қажет. Сыбайлас жемқорлық өзіңше айтарлықтай әртүрлі — биліктің жоғарғы эшелондарындағы сыбайлас жемқорлықтан кез келген қызметтер көрсететін қалалық немесе поселкелік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа дейін (тұрғын үй-коммуналдық кешен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және т. б.). Соның ішінде, меншік құқығын жүзеге асыру кезінде шенеуніктердің өз қызмет бабымен теріс пайдалану, әдеттегідей, мемлекет меншікті басқаруымен байланысты. Халыққа қызмет көрсету бойынша қызмет барысында (мемлекеттік кепілдіктер), сонымен бірге қорғау міндетін жүзеге асыру кезінде мемлекет қызметтің бөлек түрлерін орындауына, сонымен қатар белгілі тауарлар өндірісі мен жеткізіліміне дербес шаруашылық субъектілермен шартқа отыруға мәжбүр, мысалы, мектептер үшін жиһаз бен оқулықтарды, ауруханалар үшін жабдықтауды, мемлекеттік билік органдары үшін компьютерлерді жеткізу және т. б. Осы жағдайда сыбайлас жемқорлық көрінісі, әдеттегідей, мемлекеттік тапсырыстарды бөлу сатысында пайда болады. Ол сонымен бірге мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық қылмысты туғызушы, факторларда жан-жақты тоқтады, құқықтық, экономикалық, ұйымдық-басқару, психологиялық, әлеуметтік мәдени ажыратуға ұсынылады. Сонымен бірге биліктің жоғарғы эшелондарындағы «әйгілі» жемқорлық істері туралы бейнефильмдері көрсетілген болатын. Мемлекеттік архив қызметкерлерімен бірқатар сұрақтар қойылған болатын, оларға толық жауаптар алынды.

Сонымен қатар мемлекеттік архив директоры Какпенов Т. Ж. сөз сөйледі.

    

 

Мақалың шыққан күні: 05.04.2017 15:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.04.2017 17:35
Қаралым саны: 4388
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';