AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Көкшетау қаласы мемлекеттік мұрағатының қызметі тарихы туралы ақпарат

1993 жылдың 08 ақпанында № 60а Көкшетау қалалық әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен Көкшетау қалалық әкiмшiлiгiнiң мұрағаты құрылған болатын.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылдың 03 мамырдағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарын бiрыңғайлау бойынша iс-шараларды жалғастыру жөнiндегi» жарлығына сәйкес Көкшетау облысы жабылды да, соған орай Көкшетау облысының мемлекеттiк мұрағаты таратылды да, ал оның орнына Солтүстiк Қазақстан облысы мемлекеттiк мұрағатының Көкшетау филиалы құрылды.

Облыстың мұрағаттар мекемелерiнiң құрылымдары мен Көкшетау қаласындағы құжаттамаларды басқару мәселесiн орталықтандыруды әрi қарай бiрыңғайлау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 1998 жылдың 10 ақпандағы № 37 шешiмi негiзiнде өткiзiлiп, оған сәйкес Солтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттiк мұрағатының Көкшетау филиалы таратылды да, Көкшетау қаласы әкiмшiлiгiнiң мұрағаты Көкшетау қаласы әкiмiнiң 1998 жылдың 18 ақпандағы № 1-44ө өкiмiмен «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесiне (ММ) қайта құрылды және оған филиалда сақталуда жатқан барлық қорлар тапсырылды.

2001 жылдың 18 мамырдағы заңды тұлғаларды мемлекеттiк қайта тiркеу жөнiндегi куәлiкке сәйкес, Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ деп аталатын болды.

Кейiнгiде «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ 2015 жылдың 17 ақпандағы № А-3/52 Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ-не және 2008 жылдың 08 мамырдағы № А-4/170 қаулыларымен Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ-не атын өзгерттi.

Мемлекеттiк мұрағат құрылымдарында жұмыс ұйымдастыруды жасқарту мақсатында 2004-2005 жылдары 3 бөлiм құрылды: құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мен мемлекеттiк есепке алу бөлiмi, ведомстволық мұрағаттарды бақылау бөлiмi, ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмi.

Мақалың шыққан күні: 28.06.2016 15:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.06.2016 15:46
Қаралым саны: 6107
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';