Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

«Мемлекеттік архив кеңес береді» өткізу туралы ақпарат

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн орындауында жақсарту және жеделдiк мақсатында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КАҚ филиалы — ХҚКО» Департаментiнiң Көкшетау қаласының № 2 бөлiмiнде болған «Мемлекеттiк архив кеңес бередi» кезектi рет ақпараттық науқаны ұйымдастырылған болатын.

2016 жылдың 15 қыркүйекте күнi бойы Көкшетау қаласының мемлекеттiк архив қызметкерлерi К. С. Мунбаева, А. Т. Жекеева, М. Н. Жүнiсов осы мемлекеттiк қызмет және сұрап жатқан мәлiметтер бойынша азаматтар мен қызмет алушыларға кеңес бердi.Сонымен бiрге Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивте мемлекеттiк сақтауда жатқан құжаттар бойынша ақпарат, арыз беруде қызмет алушыларға көмек көрсетiлген болатын және азаматтарға қызықты сұрақтар бойынша кеңестер берiлдi.Бұдан басқа «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы арқылы арыз берген клиенттермен жұмыс өткiзiлген болатын.

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпараты бар, арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылған болатын, олар ХҚКО және www.egov.kzвеб-порталы арқылы мемлекеттiк қызмет алудың артықшылықтарын ашып көрсетедi.Сонымен бiрге буклеттерде қызмет көрсету мерзiмi туралы мәлiметтер, жұмыс тәртiбi, халыққа мемлекеттiк қызмет көрсететiн, қызмет берушiнiң мекенжайы мен байланыс телефондары болғаны маңызды.

Ағымдағы жылда осы науқан үшiншi рет өткiзiледi. Алғашқы екеуi Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КАҚ филиалы — ХҚКО» Департаментiнiң Көкшетау қаласының № 1, 2 бөлiмдерiнде өткiзiлген.

    

Мақалың шыққан күні: 20.09.2016 09:21
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.09.2016 09:21
Қаралым саны: 3832
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';