A- A A+
Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
«Мемлекеттік архив кеңес береді» өткізу туралы ақпарат

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн орындауында жақсарту және жеделдiк мақсатында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КАҚ филиалы — ХҚКО» Департаментiнiң Көкшетау қаласының № 2 бөлiмiнде болған «Мемлекеттiк архив кеңес бередi» ақпараттық науқаны ұйымдастырылған болатын.

2016 жылдың 24 маусымда күнi бойы Көкшетау қаласы мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi К. С. Бошанова, А. С. Тлеубергенова, А. С. Асрандин осы мемлекеттiк қызмет және сұрап жатқан мәлiметтер бойынша азаматтар мен қызмет алушыларға кеңес бердi. Сонымен бiрге Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивте мемлекеттiк сақтауда жатқан құжаттар бойынша ақпарат, арыз беруде қызмет алушыларға көмек көрсетiлген болатын және азаматтарға қызықты сұрақтар бойынша кеңестер берiлдi. Бұдан басқа «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы арқылы арыз берген клиенттермен жұмыс өткiзiлген болатын.

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпараты бар, арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылған болатын, олар ХҚКО және www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттiк қызмет алудың артықшылықтарын ашып көрсетедi. Сонымен бiрге буклеттерде қызмет көрсету мерзiмi туралы мәлiметтер, жұмыс тәртiбi, халыққа мемлекеттiк қызмет көрсететiн, қызмет берушiнiң мекенжайы мен байланыс телефондары болғаны маңызды.

«Мемлекеттiк архив кеңес бередi» ақпараттық науқанын Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КАҚ филиалы — ХҚКО» Департаментiнiң Көкшетау қаласының бөлiмдерде ағымдағы жылдың аяғына дейiн тоқсан сайын өткiзуi жоспарлануда.

    

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 16:27

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Мемлекеттік мұрағаты» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Кокшетау қ., Темирбекова қ., 55

8(7162)50-39-35, 50-39-72, 50-39-42

arhiv_kokshe@aqmola.gov.kz