Архивке саяхат
31 мамыр күнi Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi архив бойынша саяхат өткiздi, оған Ж. Мусин атындағы Жоғары қазақ педагогикалық колледжiнiң бiрiншi курс студенттерi ұстазы Б. К. Калиевамен бiрге қатысты. Студенттер бөлiмдермен, сонымен қатар архив жұмысының негiзгi түрлерiмен танысты. Оларға архивтегi екi архивқоймасы көрсетiлген болатын, онда тұрақты, уақытша сақтаудағы, жеке құрам құжаттары, сонымен қатар ғылыми-анықтамалық кiтапхана сақталуда. Бұдан басқа оларға Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне арналған, фотоқұжаттық көрмесi ұсынылған болатын.
Мақалың шыққан күні: 01.06.2017 11:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.06.2017 11:08
Қаралым саны: 5093