AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент пен Тәуелсіздік күндері»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi мен Тәуелсiздiк күндерi қарсаңында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен Көкшетау техникалық институтында «Тәуелсiз Қазастан: амандық, бейбiтшiлiк және жасампаздық жылдары» танымдық-отаншылдық сағаты өткiзiлдi. Iс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұранын айтудан басталды.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнде сақтауда жатқан материалдар бойынша екi баяндама дайындалып, оқылды. «Тәуелсiздiк хроникасы» бiрiншi баяндамамен Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi директорының орынбасары Ботагөз Сәрсенбиқызы Рақымжанова сөз сөйледi. Онда Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң қалыптасуының негiзгi кезеңдерi сипатталған: алғашқы бүкiлхалықтық сайлаулар, ұлттық валюта — теңгенiң енгiзiлуi, Конституцияны қабылдау, астананы Алматыдан Астанаға көшiру және елiмiз үшiн басқа көптеген ерекше кезеңдер. Баяндамада Тұңғыш Президент — Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың бұл үдерiстердегi негiзгi рөлi көрсетiлген болатын, елдiң iшкi және сыртқы саясатында дұрыс мiндеттер мен мақсаттар қоюдағы, өтпелi кезеңнiң қиындығын еңсерудегi жас республикаға баға жетпес көмегi атап өтiлдi.

«Көкшетау. Тәуелсiздiк жылдары» екiншi баяндаманы ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң бастығы Күлшат Социалқызы Бошанова ұсынды. Баяндамада тәуелсiздiк кезеңiндегi бiздiң қаламыздың дамуындағы басты оқиғалар айтылған, экономика, бiлiм беру, денсаулық сақтау салаларындағы өзгерiстер баяндалды. Тәуелсiздiк жылдары қаланың сыртқы көрiнiсi де өзгерген, зауыттар, фабрикалар ашылған, мектептер, ауруханалар салынған, көпұлтты республикамыздың барлық халқын бiрiктiрген «Достық үйi» ашылған болатын. Мемлекеттiк архив фотоқұжаттары бойынша дайындалған слайдтарда Көкшетау қаласына Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сапарлары ұсынылды.

Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен ұстаздарына «Ұлт көшбасшысының уақыт және өзi туралы толғаныстары» фильмi, бұдан басқа институт фойесында «Ел қолдаған Елбасы» фотоқұжаттық көрмесi көрсетiлген болатын.

Iс-шараның ресми бөлiгiнен кейiн оқу орнының куртсанттары белсендi қатысқан «Тәуелсiз Қазақстан» викторинасы өткiзiлдi.

Iс-шара соңында алғыс сөзiмен және кейiнгi ынтымақтастық ниетiмен тәрбие және психологиялық жұмыс бөлiмiнiң бастығы, өртке қарсы қызметiнiң подполковнигi Айнаш Кубегеновна Жүсiпова сөз сөйледi.

Архивисты, Фот В. Н., Шрейтер Л. Ф. в момент проведения викторины.

В момент исполнения гимна

Доклад зам. директора Рахимжановой Б. С.

Курсанты 3 курса в момент проведения викторины

 Сотрудники госархива в группе с преподователями и курсантами Кокшетауского технического института

Мақалың шыққан күні: 25.03.2016 15:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2016 09:20
Қаралым саны: 4699
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';