AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

«Мемлекеттік архив кеңес береді» науқаны

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша халық арасында ақпараттық-түсiндiрме жұмысты жүзеге асыру мақсатында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi «Мемлекеттiк архив кеңес бередi» науқанын өткiздi, ол Ақмола облысы бойынша «Азаматтар үшiн үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» филиалы — ХҚКО Департаментiнiң Көкшетау қаласының № 1, № 3 бөлiмдерiнде болған.

2017 жылдың 7 маусымда күнi бойы Көкшетау қаласының мемлекеттiк архив қызметкерлерi К. С. Мунбаева, А. Т. Жекеева, М. Н. Жүнiсов, А. С. Тлеубергенова, К. Е. Хасенова осы мемлекеттiк қызмет және сұрап жатқан мәлiметтер бойынша азаматтар мен қызмет алушыларға кеңес бердi. Сонымен бiрге Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивте мемлекеттiк сақтауда жатқан құжаттар бойынша ақпарат, арыз беруде қызмет алушыларға көмек көрсетiлген болатын және азаматтарға қызықты сұрақтар бойынша кеңестер берiлдi.

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпараты бар, арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылған болатын, олар ХҚКО және www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттiк қызмет алудың артықшылықтарын ашып көрсетедi. Сонымен бiрге буклеттерде қызмет көрсету мерзiмi туралы мәлiметтер, жұмыс тәртiбi, халыққа мемлекеттiк қызмет көрсететiн, қызмет берушiнiң мекенжайы мен байланыс телефондары болғаны маңызды.

Бұдан басқа «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметi туралы бар ақпаратты ашқан, ақпараттық стендi дайындалған болатын.

     

Мақалың шыққан күні: 08.06.2017 12:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.06.2017 12:41
Қаралым саны: 4537
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';