«Ақ орамал» науқаны
5 тамызда басталған, «Ақ орамал» республикалық науқан шеңберiнде, 2016 жылдың 29 тамызында Көкшетау қаласында ақ орамалдағы аналар шеруi болып өттi. Президентiмiз Н. Ә. Назарбаев бастамасымен, Қазақстан ядролық полигонды жабқан әлемдегi тұңғыш ел болды. Осымен бiз халықаралық саясаттағы сенiмнiң жаңа моральдық стандартын салдық. Семей полигонының қасiретi — халқымыздың ортақ қасiретi. Ядролық қорқыныш пен оның зардаптарын бастан кешiрген, көптеген ұрпақтар азабы, әрбiр ананың жан ауруына әсер еттi. 25 жыл iшiнде, бейбiтшiлiк пен келiсiм саясаты арқасында, Қазақстан қауiпсiздiк аумағы деп танылған болатын, ал бiздiң Президент — халықаралық бiрлестiктегi бiтiмгер. Ұйымдастырушылар, науқанды өткiзу мақсаты — Нұрсұлтан Назарбаев жарияған, «Бейбiтшiлiк. ХХI ғасыр» манифестiн жылжыту деп айтады. Ол әлем болашағы үшiн шын үреймен айтылған, бұл ғаламшардың барлық азаматтарын ақылға және жауапкершiлiкке шақыру. Көкшетау қаласының мемлекеттiк архив ұжымынан осы iс-шараға 10 әйел қатысты: Аскарова Гүлнара Аманжолқызы, Бижанова Кенжетай Қалымтайқызы, Елшина Александра Александровна, Исмаилова Роза Сейтбекқызы, Мұхаметжанова Зәмзәгүл Сайлауқызы, Сақтағанова Нұргүл Құдайбергенқызы, Сорокина Елена Юрьевна, Шамғанова Гүлнара Қорабайқызы, Өмiржанова Нағима Тасболатқызы.
Мақалың шыққан күні: 31.08.2016 17:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.09.2016 12:32
Қаралым саны: 4613