AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

30.04.2015 Достар мәдениет үйі

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi билiк органдарымен, мәдениет мекемелерiмен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесудi орнату мен нығайту бойынша жұмысты жүзеге асыруда, осы мақсатпен архив қызметкерлерi Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына «Достар» мәдениет сарайында, Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi ұйымдастырған «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байкауының гала-концертi аясындағы көрмеге белсендi қатысты.

Осы iс-шарада «Құтқарылған әлем ұмытпайды …» фотоқұжаттық көрмесi ұйымдастырылған болатын. Көрмеде 1941-1946, 1948-1983, 1985, 2000-2014 жылдарғы әрқайсысы өзiнше бағалы 100-ден астам жәдiгер көрсетiлдi. Бұл — ресми, жеке, шығармашылық, марапаттау, қызметтiк және жалпы сипаттағы құжаттар, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы қатысушыларының фотосуреттерi.

Мақалың шыққан күні: 25.03.2016 13:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2016 09:19
Қаралым саны: 4115
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';