AA

Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

28.04.2015 Достар мәдениет үйі

Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 70 жылдығына арналған iс-шаралар аясында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен «Құтқарылған әлем ұмытпайды …» фотоқұжаттық көрмесi ұйымдастырылды. «Достар» мәдениет сарайында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, майдан еңбеккерлерiне, қала қоғамына 1941-1946, 1948-1983, 1985, 2000, 2003, 2014 жылдардағы 100-ден аса жәдiгер көрсетiлдi.

Қатысушыларға тыл еңбеккерлерiнiң қажырлы еңбегi мен майданға бүкiлхалықтық көмек туралы куәландыратын, соғысқа қатысушылардың өшпес ерлiктерi туралы баяндайтын соғысқа қатысушылардың жеке құжаттарынан, архив құжаттарындан, фотосуреттерден соғыс кезеңiнiң тарихын көруге бiрегей мүмкiндiк ұсынылды. Олардың iшiнде соғыс кезеңiнiң шынайы куәгерiболып табылатындары ерекше қызықты, мәселен, 1942 жылғы 17 мамырда әскери ант қабылдаған, ал жарты жылдан кейiн бiрiншi жарақат алған, медицина қызметiнiң кiшi сержанты жиырма жастағы Ғазиза Өмiрбаеваның қызыл әскер кiтапшасы (соғыстан кейiн — Қырғыз КСР халық әртiсi); авиация бөлiмдерiнде соғысқан, гвардия полковнигi В. М. Боговицкийдiң «Берлиндi алғаны үшiн», «1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» медальдарының куәлiктерi; Оңтүстiк және 2-Балтық жағасындағы майдандарының соғыс әрекеттерiнiң қатысушысы С. Т. Демченконың сыйлы жазуы бар фотосуретi. Д. М. Несвитеевке Беларус КСР астанасы Минск қаласын, оперативтiк-маңызды қалалар мен Орша, Борисов қалаларының темiржол тораптарын қалаларын немiс басқыншыларынан босату бойынша ұрыстарға қатысқаны және Березина өзенiнен тездетiп өткенi үшiн; Кенисберг қаласы мен бекiнiсi үшiн, Шығыс Пруссиядағы ұрыстарға қатысушысы Ф. С. Ипаткинге; Австрия астанасы — Вена қаласын босатқаны үшiн — гвардия старшинасы Камали Мырзахметовке И. В. Сталиннiң алғыс хаттары және басқа соғыс қатысушыларының құжаттары.

Сонымен қатар, көрмеде күн сайын майдандарда болған соғыс әрекеттерi туралы хабарлаған, сарбаздардың туысқандары мен достарына жолдаған хаттарын басып шығарған «Колхозный путь», «Сталинское знамя» газеттерiнiң тiгiндiлерi қойылған.

Сондай-ақ, фотоқұжаттық көрменiң үзiндiлерiн қала мен облыс тұрғындары жергiлiктi телевизияның хабар тарату режимiнде ақпараттық жаңалықтар сюжеттерiнiң бiрiнде тамашалай алды.

 

Мақалың шыққан күні: 25.03.2016 12:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2016 09:19
Қаралым саны: 4524
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';