Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві

27.08.2015 Кітапхана

Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдауының 20 жылдығы қарсаңында қаланың мемлекеттiк архивi «Бiрлiк» шағын ауданындағы модельдi қалалық кiтапханасында қалалық ақпараттық-кiтапханалық жүйемен ұйымдастырылған «Ата Заң — тәуелсiздiк тiрегi мен тұғыры» позитив науқанына белсендi қатысты. Кiтапхана қызметкерлерi қонақтарды далада флешмобпен қарсы алып, концерттiк бағдарлама дайындады. Осы iс-шарада мемлекеттiк архив өкiлдерi құттықтау сөздерiн сөйледi және шығармашылық байқауларға қатыстырылған болатын, бұдан басқа мемлекеттiк архивпен «Бейбiтшiлiк, келiсiм және жасампаздықтың 20 жылы» фотоқұжаттық көрмесi көрсетiлдi. Көрмеде 1995-2015 жылдардағы қала тарихы бойынша әрқайсысы өзiнше ерекше 70-тен астам фотоқұжат ұсынылды.

 

Мақалың шыққан күні: 25.03.2016 12:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2016 09:18
Қаралым саны: 3557
© 2024. Көкшетау қаласы Мемлекеттік архиві
';